Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Нұрым Ермағанбетов, Бердіғали Берекетов және қалалық мәслихат депутатына кандидаттар Гүлсін Аджибаева, Гүлжан Еркебекова, Бағила Жарылғасова “Өзенмұнайгаз” АҚ қарасты №4 Мұнай газ өндіру басқармасының мұнайшыларымен кездесті. Шара 29 желтоқсан “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының мәжіліс залында өтті.
“Nur Otan” партиясының Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша сайлауалды бағдарламасында өндіріске, әсіресе қаламызда дамыған мұнай өндіру саласына басымдық беріліп отыр. Жағдайдың тұрақтылығын сақтай отырып, экономикалық қуатты қала мәртебесін арттырады.

Бұл бағытта партия “Өзенмұнайгаз” АҚ есептен шығарылған штангаларын қаланың жергілікті тауар өндірушілеріне белгілі тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып, арматура цехын құруды, есептен шығарылған арнайы құрылғылардың шиналарын қаланың жергілікті тауар өндірушілеріне белгілі тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып шиналарды қайта өңдеу цехын құруды мақсат етеді. Аталмыш жұмыстар 5 жыл ішінде іске асады.
Бұл жобалар іске асса, тек қана өндірістік қуаты ғана емес, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік береді. Сондықтан да тың жобалардың жүзеге асырылуына жаңа жағдайлар туындайды. Сайлау штабының мүшелері еңбек ұжымын алдағы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға және “Nur Otan” партиясына сенім білдіруге, жеңіске бірге жетуге шақырды.
Жиналыс барысында жұмысшылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, салалық мәселелер сөз болды. Мұнайшылар жастардың үлкендерге деген құрметі азайып бара жатқанын айтып, осы тұрғыда партия тәрбиелік шараларға көптеп мән берсе екен деген тілектерін жеткізді. Оған қоса ел азаматтарының теріс діни ағымдарға ермеуін, қоғамның діни сауаттылығын арттыру, жағдайы жақсы автомобиль жолдарын сүріп, қайта салмай, оның орнына мүлдем асфальт жоқ көшелерге жол салу мәселелерін көтерді. Үміткерлер сайлауалды бағдарламада аталған мәселелер қамтылғанын жеткізіп, бұлар бойынша жұмыстар жасалатынын жеткізді.
Жаңаөзен қаласындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен-есікке» акциясы да ұйымдастырылды. Облыстық және мәслихат депутатына үміткерлер, сенімді өкілдері қала тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, “Nur Otan” партиясының бағдарламасын таныстырды.
Үміткер Тимур Мұсаев «Шаңырақ» базарында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Бағдарлама жөнінде толық түсіндірді. Кәсіпкерлер базардың жағдайы, жұмыс орны, барлығына көңілі толатындықтарын жеткізіп, пандемия кезінде ғана қиын болып қалғанын айтты. Қазір жағдай тұрақты.

Қалалық маслихат депутатына үміткер Мереке Құлбеков пен Қанат Базылов Рахат ауылы «Жұлдыз» шағынауданы тұрғындарының үйлеріне барды. Ал Қанат Базыловтың сенімді өкілі Қ.Төкенов “Jas Otan” жастар қанатының еріктілер тобымен бірге «Шұғыла» шағынауданы 34 үйінің тұрғындарына үгіт насихат жүргізді.



Сонымен қатар облыстық мәслихат депутатына үміткер Нақберген Төлеповтың сенімді өкілі Бекболат Кутлиев «Шұғыла» шағынауданы тұрғындарының үйіне барды. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар таратты. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, “Nur Otan” партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорынан төленді.










