• Последние

Отанға қызмет етуден артық ешнәрсе жоқ – Құдайберген Ермахан

23.06.2021

Еда под сериал: как просмотр видео влияет на аппетит

21.09.2026

ChatGPT сообщил властям о мужчине, который якобы планировал убить сына

21.09.2026

Как не потерять чаты в WhatsApp при смене номера: важные нюансы

21.09.2026

На Жезказганском медеплавильном заводе «Казахмыса» построили собственный газорегуляторный пункт

21.09.2026
light single private orange plane in clear blue sky

Пилот провел три часа в небе, чтобы «нарисовать» портрет «Мона Лизы»

21.09.2026
сгенерировано ии

Женатого мужчину подозревают в интимной связи со школьником в Актобе

21.09.2026
Прогноз погоды в Казахстане

Дожди, грозы и до +32: погода в Казахстане 22 сентября

21.09.2026

Спортивная сводка 21 сентября: «Барыс» разгромил чемпиона, «Атлетико» выиграл дерби

21.09.2026
Фото сгенерировано ИИ

Машинист грузового поезда спас четырехлетнего ребенка на железной дороге

21.09.2026

Праздничная неделя ко Дню города в Семее охватила 150 тысяч человек

21.09.2026

От руды до готовой продукции: какой должна стать медная отрасль Казахстана

21.09.2026

Историческое решение в Баку: композиторы тюркского мира впервые объединились в единый Союз

20.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/21/12:40
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Отанға қызмет етуден артық ешнәрсе жоқ – Құдайберген Ермахан

by Алина Автор
2021/06/23 15:33
A A

«Танк биатлоны» халықаралық жарысының қарсаңында, әскери қызметтің қыр-сыры туралы бүгін аға лейтенант, Аягөз қаласы, N 10810 әскери бөлімінің танк рота командирі Құдайберген Ермахан Сенбіұлымен сұхбаттастық.

— Ермахан, өзіңіз және қызметіңіз туралы айтып беріңіз, әскери қызметке баруға не түрткі болды?

— Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тумасымын. 2011 жылы мектеп бітіріп, 2012 жылы Құрлық әскерлері институтының Танк командалық мамандығын таңдап, 2016 жылы бітіріп шықтым. Менің әскери қызметке баруыма түрткі болған бала кезгі арманым еді. Сол арманға жетуге бар күшімді салдым. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында орналсқан әскери бөлімнің  3 танк батальоны, 7 танк ротасының рота командирі болып қызмет атқарып келемін.

— Биыл сіздер Халықаралық Қарулы күштер ойындары аясында Танк биатлоны жарысында Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын боласыздар. Жарысқа дайындық қалай жүріп жатыр? Байқауға барған әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісе ме?

— Иә, осы жылы Танк биатлоны жарысына өте қызу дайындық үстіндеміз. Бұл жолы Қазақстан Республикасының намысын жоғарғы деңгейде көрсетеміз деген сенімдеміз. Алдыңғы жылы дәл осы жарысқа қатысқан әріптестер өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды кеңестерін беруде. Жалпы айтқанда, дайындығымыз өте интенсивті өтуде.

— Алдағы байқауға қобалжуды сезінесіз бе? Сыйлықтарға қандай жоспарларыңыз бар?

— Әрине ондай қобалжу әрбір жарыстың алдында болуы табиғи құбылыс. Бірақ, біз өзіміздің дайындығымызға нық сенімдіміз және жүлделі орын алуға ниетіміз зор.

— Соңғы жылдары жастар өз өмірін армиямен байланыстыруға қорқады, қызметтің артықшылықтары туралы айтып беріңізші?

— Соңғы жылдары армияға келіп жатқан жастарда ондай ой байқамадым. Дегенмен әр адамның ойына жеке жауап бере алмаймын.

Бастысы әскери борышын өтеуге келіп жатқан азаматтар Отан алдындағы міндетін жіті түсінеді және оны жүзеге асыруға бар күшін салады. Біздің жұмыста Отанға қызмет етуден артық ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Сонымен қатар, осы жылы әскери қызметкерлердің жалақысының 32 пайызға көтерілуі қуантады және біздің қатарларға жаңа сарбаздардың қосылуына сөзсіз үлесін қосады деп ойлаймын.

Біз әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға ініміздей қарап, қамқор болуға тырысамыз. Соңғы жылдары әскери қызметшілердің тамақ сапасы да жоғарылаған, барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Сол себептен, қорқатын ешнәрсесі жоқ. Әскери өмір азаматтарды шыңдап, бойындағы мықты қасиеттерді күшейтеді, жігерін арттырады.

 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.