“Nur Otan” партиясы өз мүмкіндіктерін таныстыру әрі барынша халықты көптеп қамту мақсатында «Есіктен есікке» акциясын бастаған болатын. Үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен сәттен сайлауалды штаб, ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаты мандатына үміткерлер, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері тұрғындардың үйлеріне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үнпарақтар таратуда.
Сонымен қатар тұрғындардың жағдайларын біліп, тұрып жатқан жерінде нені өзгерткісі, қайда барғысы келетіні сұралады. Айтылған мәселелер уақытында шешіліп, өтініштер мен ұсыныстар болашақтағы жұмыс жоспарға енетіні түсіндірілді.

Акция аясында Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағынауданы тұрғындарының шаңырақтарына жол түсті. Облыстық және қалалық мәслихатқа үміткерлер Нұрым Ермағанбетов, Сәбит Қаржаубайұлы мен Бердіғали Берекетов аталмыш шағынауданның тұрғындарының үйінде, айналасындағы шағын кәсіпкерлік нысандарда болды. Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс пікірлерін тиісті мекеме басшыларына жеткізетіндігін айтты.
Партияның «Есіктен есікке» акциясына белсенді атсалысудамыз. Өйткені қала мен оған қарасты Қызылсай, Теңге, Рахат ауылының тұрғындары партияның мүмкіндіктерімен толық ақпараттануы қажет. Содан кейін сайлауда еліміздің болашағы, өздерінің жайлы тұрмысы үшін дұрыс шешім қабылдай алады, – деді облыстық мәслихат депутатына үміткер Б.Берекетов.

Еске салсақ, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары 2021 жылы 9 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорынан төленді.










