• Последние

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты

2019/06/15 15:16

Партия «Әділет» соберет инициативы бизнеса для развития горно металлургического комплекса

2026/07/01 13:08

Самый высокий памятник Месси в мире неожиданно стал вирусным

2026/07/01 12:58

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

2026/07/01 12:29

Вступление в силу Новой Конституции: официальное заявление партии «Ак жол»

2026/07/01 12:22

В Карагандинской области обновили первые железнодорожные вокзалы

2026/07/01 12:14

В Астане обсудили роль премии «Евразия» в укреплении дружбы народов и международного сотрудничества

2026/07/01 11:59

Школьники угнали автомобиль и устроили погоню в Уральске

2026/07/01 11:55

Всплыли новые подробности о полицейском, чье сожженное тело нашли в горах

2026/07/01 11:55

Казахстан станет первой зарубежной площадкой производства Li Auto

2026/07/01 11:18

Аномальная жара в Европе унесла более 1300 жизней: температурные рекорды

2026/07/01 10:47

Новая Конституция РК: Генеральная прокуратура заявила об усилении гарантий защиты прав граждан

2026/07/01 10:40

В Казахстане ввели новые жесткие правила для электросамокатов

2026/07/01 10:15
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/13:17
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты

2019/06/15 15:16
in Казахстан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты, – деп хабарлайды Toppress.kz.

ҚР Үкіметінің басшысы  "Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация" ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорнына барды. Бүгінде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 5000 техникаға дейін ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орынын ашу көзделген.

Индустриялық дамумен танысу "КАМАЗ-Инжиниринг" қазақстандық-ресейлік біріккен машина жасау кәсіпорнының жұмысын тексеру кезінде жалғасты. Асқар Маминге таяу уақытта жылына 2500 бірлікке дейін өнім шығару жоспары бар екені баяндалды.

Сонымен қатар, өңірде ҚР Премьер-Министрі "қарапайым заттар экономикасы" салаларының кәсіпорнын қарады. "Два Кита" ЖШС жыл басынан бері 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнім түрін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бұл мақсаттарға 1 миллиард теңге жеке инвестициялар тартылады. Жалпы облыста халық тұтынатын тауарларды дамыту бойынша 87,6 миллиард теңгеге 71 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Фото: primeminister.kz

Ақмола облысының экономикадағы туризм үлесін ұлғайтуға әлеуеті жоғары. Өңірлік туристік кластерге 700-ден астам нысан кіреді. Премьер-Министрге қаланың көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұған қоса, Көкшетау қаласының төңірегіндегі Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.

Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

2019 жылы әлеуметтік салаға 129,2 миллиард теңге қарастырылған. 3 балабақша, 6 мектеп, 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй 116 көп балалы және аз қамтылған отбасыға берілді, атаулы әлеуметтік көмек аясында 610 миллион теңге берілді.

Кеңес барысында Аймақаралық форумға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Көкшетауда дамыған инфрақұрылым және ыңғайлы көліктік логистика бар. Жалпы алғанда, Форумды өткізу туризм саласында жаңа сапалы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін береді, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кең ауқымы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жол ашады.

Сондай-ақ, кеңесте бірқатар министрліктің басшылары туризмді дамыту, курорттық аймақты инженерлік-көлік және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, перспективалық ауылдарды және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде сөйледі.

Тури саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізін Қазақстанның Топ-10 нысаны құрайды, солардың бірі — Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, — деп Асқар Мамин, туризм саласы үлкен үміт күттіретінін айтты. —  Туризм көлік пен телекоммуникацияның дамуына, құрылысқа, сауда-саттыққа, ауыл шаруашылығына мультипликативті әсер ете отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялардың тартылуына және жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды.  

ҚР Үкіметінің басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын жаңғырту және экологиялық жағдайды жақсарту, сапалы әрі қолжетімді сервистік қызметтерді дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Мұнда туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, 2025 жылға қарай еліміздің ЖІӨ туризм үлесін 8 пайызға дейін ұлғайту көзделген.

"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 19 жоба қарастырылған, олардың 8-і бойынша келісімшартқа қол қойылған. Елорда төңірегін дамыту үшін биыл 10 жоба іске асырылады, соның ішінде 3-уі — сумен жабдықтау және су тарту желілерін салу бойынша, 2 — автожол жобалары және т.б.

ҚР Премьер-Министрі "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыруды ерекше бақылауға алуды және республикалық маңыздағы қалалардың төңірегіндегі мәселелерді шешу мен абаттандыруға ден қою керектігін тапсырды.

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist