• Последние

РАТТ жұмысы Орал және Тасқалада өтті

23.10.2018

Депутат предлагает освободить малый бизнес в Казахстане от налогов на два года

22.09.2026

Президент КФШ Тимур Турлов и посол Казахстана в Узбекистане Ералы Тугжанов встретились со сборными Казахстана на шахматной Олимпиаде

22.09.2026
Young man spraypaints name on graffiti wall

Теория разбитых окон: почему в Казахстане объявили войну вандализму и граффити

22.09.2026
Paper chain friends, teamwork, diversity, family or business community, hand holding and protecting

Не только льготы: о чем говорит социальная политика Казахстана

22.09.2026

Глава государства принял Генсека МОРЯ Наталью Бочарову

22.09.2026
3d rendering roll of copper sheets or heap of copper tapes in factory

Эксперты: медь должна создавать добавленную стоимость внутри Казахстана

22.09.2026
Subaru Crosstrek Premium S:HEV EX

Subaru развела Crosstrek и Impreza по разным моторам: гибрид против атмосферника

22.09.2026
Nissan Rogue Hybrid e-POWER — вид спереди в три четверти

Новый Nissan X-Trail получил e-POWER: колёса крутят электромоторы

22.09.2026
Toyota Land Cruiser 300 ZX Hybrid — вид спереди в три четверти

Land Cruiser 300 лишился бензинового V6 в Японии: теперь есть гибрид

22.09.2026
BMW M2 CS G87 — официальное фото 1

BMW завершила выпуск M2 CS: всего сделали 2882 автомобиля

22.09.2026

«Спросите у семей погибших»: в МВД высказались о пьяных водителях и их нарушениях

22.09.2026

Первая сессия Қазақстан Халық Кеңесі пройдет 23-24 сентября в Астане

22.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/23/7:25
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

РАТТ жұмысы Орал және Тасқалада өтті

by Toppress.kz
2018/10/23 09:15
A A

2018 жылдың 22-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арынның бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  Батыс Қазақстан облысына Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жұмыс жүргізді, деп хараблайды Toppress.kz. 

Топ құрамында Қоғамдық даму министрлігі, Қоғамдық келісім комитетінің бас маманы Азамат Бисембаев, Павлодар қаласының "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" ЖШС директоры Гульназ Раздыкова, белгілі дінтанушы Тұрар Әбуов,  "Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы" ҚҚ-ның атқарушы директоры Толғанай Мұстафина бар.

Екі күндік іс-сапар барысында РАТТ мүшелері түрлі сала өкілдерімен кездесулер өткізді. Топ мүшесі Тұрар Әбуовтың алғашқы кездесуі Орал қаласында  түзету мекемелерінде жазасын өтеп шыққан азаматтармен кездесуі өтті. Жазасын өтеп шыққан азаматтармен еркін пікір алмасу болды. 

Адамды тура жолдан тайдыратын себептер өте көп. Әсіресе адамның психологиялық жағдайы, отбасылық-тұрмыстық араздықтар, дін туралы немесе ислам туралы теріс түсінігі бар орта. Осыдан кейін азаматтарымыз тура жол таппай адасуға бой алдырады. Ешкашан да ұмытпау керек, ислам – бейбітшілік діні, ол зорлық-зомбылықты насихаттамайды, керісінше төзімділік пен кешірімге шақырады. Сондықтан әрбір нәрсеге біз қырағылықпен қарауымыз керек — деді Тұрар Әбуов.

Сондай-ақ  жат ағымда жүрген адамдарды дәстүрлі дінімізге қайтару үшін жүйелі жұмыс жасалып жатырғандығын да жеткізді.

Мұнан соң РАТТ мүшесі, дінтанушы Тұрар Түгелұлы мен БҚО дін басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу" орталығының директоры Арман Нұрахметұлы бастаған түсіндіру тобының жұмысы Тасқала ауданында жалғасты. Мамандар алдымен аудан ахуалынан хабар алып, аудандық мәдени-демалыс залында ашылған "Рухани жаңғыру" залымен танысып, "Ақ тілеу" әжелер ансамблімен жүздесті.

Жұмыс жоспарына сәйкес Тасқала колледжі студенттерімен кездесіп, іссапардың негізгі мақсатын түсіндіріп өтті.   Кездесуде сөз алған Тұрар Әбуов жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне тез еріп кетуінің бірден-бір себебі — діни сауатының төмендігінен екенін айтты. 

Әр ата-ана баласының тәрбиесімен қатар қандай дінді ұстанып жүргенін және әлеуметтік желіде қандай сайттарға кіретіндігін қатаң бақылауы керек. Өйткені жастардың теріс жолға түсіп кетуіне әлеуметтік желінің ықпалы зор. Өкінішке қарай, көп ата-ана бұған немқұрайлы қарайды. Нәтижесінде біз көбіне жат ағымның жетегіне еріп кеткендігін білмей қалып жататындығын ескертті. Сондықтан ертеңгі күні әттеген-ай демес үшін имандылыққа бет бұрған кезде, мешіт имамдарынан ғана дәріс алу қажет, — деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ сөз алған Арман Нұрахметұлы ислам діні адамдарды бейбітшілік пен мейірімділікке шақыратынын, қару мен Құранның қатар жүрмейтінін тілге тиек етті. Студенттер өз кезегінде мектеп формасын сақтау және қысқа балақты шалбар кигендермен ебедейсіз сақал өсіргендердің әрекеті қаншалықты заңға сәйкес екендігін сұрап, келген мамандардан нақты жауаптарын алды.

Мұнан кейін Тұрар Әбуов Тасқала аудан әкімшілігінің мәжіліс залында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өткен кеңейтілген жиынға қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалығымен өткен іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мектеп басшылары, "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінің мұғалімдері, аудандық мешіттің имамдары, ауылдық округ әкімдері және жергілікті мекеме басшылары қатысты.

Жиналғандарға дін мәселесінің күрделі де нәзік сала екенін айтқан мамандар сол бағытта жүргізілген жұмыстардан баяндама жасап, зайырлылық мәселелері және Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдама төңірегінде сөз қозғап, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни ағымдардың бүлікшіл әрекеттеріне тосқауыл қоюды, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары сияқты, өзекті мәселелер қозғалды. Қатысушы тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауаптарын берді.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.