• Последние

Республика бойынша 552 адам қайта даярлаудан өтті

19.06.2019

Бизнесу в Казахстане станет сложнее переводить хозяйственные споры в уголовную плоскость

14.08.2026

Экспортный рывок отечественного АПК

14.08.2026

Резкое изменение перетока электроэнергии привело к отключениям в регионах РК

14.08.2026

Казахстан предлагает новые возможности для инвестиций в лесоклиматические проекты

14.08.2026

Димаш, Кайрат Нуртас и Дима Билан: кто выступит в Караганде ко Дню шахтера

14.08.2026

Задержали за угрозы женщине, а вскоре он умер в отделе полиции в Экибастузе

14.08.2026

Куда уйдут ваши пенсионные деньги? В Казахстане меняют правила накоплений

14.08.2026

«Казахмыс» исследует глубокие горизонты месторождения «Абыз»

14.08.2026

«Утечка» данных 15 миллионов граждан Казахстана: как устроен механизм цифровых вбросов

14.08.2026

HUAWEI представила новую флагманскую серию Pura90s в Алматы

14.08.2026

«Дайвинчик» заблокировали в Казахстане по решению суда

14.08.2026

Мощный взрыв прогремел на заводе боеприпасов под Римом

14.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/15/4:23
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Республика бойынша 552 адам қайта даярлаудан өтті

by Toppress.kz
2019/06/19 11:21
A A

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» жобасы аясында былтыр Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне әрбір семинар бес күндік болып ұйымдастырылды. Бұл туралы «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Беркімбаева мәлімдеген болатын.  Оның айтуынша, жергілікті жерлердегі ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелерінің құзіреттілік деңгейі арттып, еліміз бойынша 552 адам қайта даярлаудан өтіп, сертификат алды, оның ішінде 149 адам «Дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген куәлікке ие болды, −деді И. Беркімбаева. Оның айтуынша, әлеуметтік жобаны іске асырудың мақсаты — халықтың мақсатты топтары арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарының сапасын арттыру және алдын алу жұмыстарына инновациялық тәсілдерді енгізу.   Өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерін даярлау және біліктілігін арттыру семинар-тренингтер, лекциялар, мақсатты оқу курстарын, дін саласындағы шетелдік сарапшылардың онлайн-лекцияларын, мастер класстар т.б. ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, топ құрамының сандық және сапалық оңтайландыра отырып жетілдіру, діни экстремизмнің алдын алу мен елдің терроризмге қарсы санасын қалыптастырудағы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жетілдіру мақсатында барлық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының білікті лектор-мүшелерін даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, діни қызмет саласындағы  мемлекеттік саясатты жүргізушілер ретінде ақпараттық түсіндіру мүшелерінің беделі мен жауапкершілігін арттыру, халық арасындағы алдын алу ақпараттық-түсіндіру жұмыстары процессінде топ мүшелерінің кәсіптік қызметіне республика бойынша бірыңғай әдіснамалық және әдістемелік көзқарас қалыптастыру көзделген.

Айта кетерлігі, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы әлеуметтік жоба жеңімпазы. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін сырттан елімізге белгілі 40-қа жуық ғалымдар мен білікті мамандарды тартылған. Мұнан басқа мүдделі органдармен, әсіресе, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, қалалар мен облыстардың дін істері басқармалары,   Дін проблемаларын зерттеу орталықтары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалдары, «Әль-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университеті  мәдениеттану және дінтану кафедрасы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану және философия кафедралары, «Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті», «Мысль» дінді қолданбалы зерттеулер орталығы, «Салауат» ағартушылық-мәдени орталығы, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және бейімдеу қоғамдық қоры», Нұр-Сұлтан қаласының ақпараттық-насихаттау және бейімдеу орталығы, «ЗУБР» консалтингтік оралығы, Митрополиттік округ, Дінтанушылар Конгресімен бірлесе жүзеге асыратын болады.

−Семинарға дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, Дін істері басқармаларының, оңалту орталықтарының мамандары, Орыс православие шіркеуінің, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысады. Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру мүшелерін даярлау және қайта даярлауға бағытталған көлемі 40 академиялық сағат, 4 күннен кем емес оқыту мерзімімен 10 көшпелі курстар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар және Қарағанды облыстары, Манғыстау облысы, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары, Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары, соңында Нұр-Сұлтан қаласында –дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері үшін семинар өтеді, — деді И. Беркімбаева.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.