Оралда «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Саяси науқан барысында түрлі форматтағы кездесулер, іс-шаралар қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылуда.
Үміткерлер Алтын Жұмағалиева мен Алпамыс Камалов Оралдағы №49 орта мектеп ұжымымен кездесіп, жетекші партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуге қатысушылар білім ордасы орналасқан шағын аудандағы проблемалық мәселелерді қозғады. Үміткерлер олардың өтініш-тілектерін жауапты мекемелерге жеткізуге уәде берді.
Сонымен қатар қалалық Мәслихат депутаттығына үміткерлер Арман Бәйдеуов пен Қайырболат Ғайнеден еңбек ұжымдарымен кездесіп, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияны қолдауға шақырды.
Бұдан бөлек үміткерлер әлеуметтік желіні де тиімді пайдаланып, тұрғындармен байланыс орнатуда. Бұл ретте Н.Ашикова, Н.Мамедов, Б.Атауов, А.Жұмағалиевалар желі арқылы тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді.










