Еліміздегі ірі мегаполюс қааларда жылдан жылға көлік саны артып келеді. Соған орай, тиісті мемлекетке төленетін салықтан жалтару процесстері де жиі орын алуда. Осындай олқылықпен күресу мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мысалы, ағымдағы жылдың 8 қазанында, ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы А.А.Құлшықова мен Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысының міндетін атқарушы А.А. Айтыбековтың қатысуымен «Көлік салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы қызметінің өзара әрекеттестігі» тақырыбына бірлескен брифинг өтті.
ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы А.А.Құлшықова:
−2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы республикада жеке тұлғалардың көлік салығынан 734 059 борышкердің 18,9 млрд.теңге көлемінде салықтық берешегі бар. Бұл ретте 2,5 млрд.теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша салықтық берешек сомасы Астана қаласында тұратын 80 мың көлік иелеріне тиесілі, бұл республика бойынша жалпы берешектің 13%-дан астамын құрайды,-деді.
Айта кетерлігі, азаматтардың орындалмаған салықтық міндеттемелері туралы хабардар болу және де көлік салығының жинақталуын арттыру мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен ынтымастық туралы меморандум жасалған. Соған сәйкес, Астана қаласында автокөлік иелері жол жүру ережелерін бұзған кезде, оларда көлік салығынан салықтық берешегі болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен мұндай автокөлік иелеріне салықтық берешек туралы хабарлама табыс етілетін бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар «Астана қаласында фотобейнесін тіркеу және бейнеталдау жүйенін құру және пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде орнатылған «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүргізілген.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында салықтық берешегі бар автокөлік иелеріне хабарламаны табыс ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары және әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пресс-рейд өткізілді. Рейдттік іс-шаралар өткізу салықтық берешегі бар автокөлік иелеріне Салық кодексімен қарастырылған хабарламаларды табыс ету мен оларға көлік салығынан берешекті өз еркімен төлеуге мүмкіндік беруге бағытталғандығын айтады шара ұйымдастырушылары.
Онда бекітілген тәтіп бойынша хабарлама ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде салықтық берешек төленбеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық бұйрығын шығаратыны туралы, кейіннен бұл бұйрық салықтық берешекті өндіру жұмысын жүргізу үшін сот орындаушыларына жіберілетіні туралы ҚР ҚМ МКК өкілдері атап өтті.
Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және жеке сот орындаушылар мәжбүрлі түрде салық берешектерін өндіріп алу бойынша біріккен акция өткізді. МКД-нің басшысы Б. Айнабековтың айтуынша, бүгінгі күні қолданылып жатқан шараларға қарамастан, 176 420 салық төлеушінің жеке меншік салықтары бойынша (мүлік, жер, көлік) қарыздары 2,5 млрд.теңге құрайды. оның ішінде 1,9 млрд.теңге, немесе 73,4% құрайтын берешек көлік салығы бойынша тіркелгендігі анықталып отыр. Ал, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы И.Ажгожинаның мәлімдеуінше, жеке тұлғалардың салық берешегінің жай – күйі туралы статистика мынандай: «Бүгінгі күнге 37 160 салық төлеушілерге 2,2 млрд.теңге мөлшерінде жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар таратылған және 33 602 салық төлеушілерге 1,7 млрд.теңге көлемінде салық бұйрықтарды тапсырылған. Сонымен қатар, 18 651 салық төлеушілердің 1,4 млрд.теңгеге салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына (ЖСО) орындау үшін жіберілген, оның ішінде 4 996 салық төлеушілерге 266,6 млн.теңгеге ЖСО қаулысы шығарылған».
Осы мақсатта қазақн айының 25-і күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елордадағы Полиция департаментімен және сот орындаушыларымен бірлесіп, «Борышкер-2018» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша іс-шаралар өткізеді. Айта кетерлігі, 25 қазандағы жағдай бойынша іс-шараларды пысықтау нәтижелері бойынша бюджетке 4,5 млн.теңге сомасында берешек өтелген. Ал 25 қазанында «Борышкер-2018» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көлік салығы бойынша берешектің жалпы сомасы 1,4 млн.теңгеге BMW X5, Lexus LX570, Nissan Murano маркалы 3 автомобилі айыппұл тұрағына қосымша орналастырылған. Аталған құзыретті органдар алдағы уақытта да нәтижелі бастаманы жалғастыруға ниетті.