Мемлекет басшысы Үкіметке шағын және орта кәсіпкерлік бойынша салық қарыздарына рақымшылық жасауды тапсырған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі 122 млрд теңгені құрайтын айыппұлға рахымшылық жасалады. Елбасы Үкіметке шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарға салық амнистиясына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Соған сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін пайда болған салық берешегі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады.
Айта кетерлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті келтірген ақпаратқа сәйсек, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық берешегі 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайға сәйсек 257,2 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 122,5 млрд теңге айыппұл мен өсімпұлға тиесілі. Яғни, 102,7 млрд теңгем өсім болса, 19,8 млрд теңге айыппұл ретінде тіркелген.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің салық берешегі 327,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 142,4 млрд теңге айыппұл мен өсімпұлға тиесілі. Яғни, 125,1 млрд теңге өсім болса, айыппұл – 17,3 млрд теңгені құрайды.