Бірегей компания республикадағы дәрілік шөптерді экспорттайтын кәсіпорын.
Бүгін облыстық маслихат депутаттығына үміткер Р. Кожасбаев Сарқан қаласындағы “AZIA GOLD” кәсіпорнына барды. Олардың жұмысымен танысып, өндірістік цех пен қойманы аралады. Үміткер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы айтып берді.
Кәсіпорын жер алқаптарында жалбыз, түймедақ, итмұрын, долана, аскөк және тағы басқа шөптерді өсіреді. Жиналған шөптер мұқият тазаланып, кейін кептіріледі. Барлық процесстер шөптердің емдік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Еуропалық нарыққа шығу үшін компания түрлі зертханалық зерттеулерден өтіп, сәйкестік сертификаттарына қол жеткізді. Бүгінде кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Келесі жылдан бастап кәсіпорын қайта өңдеуді жолға қоймақ. Бұл туралы кездесуде компания өкілдері баяндап берді.
“Қарғалы ауылында зауыт салынып, тұрғындар үшін қосымша 20-30 жұмыс орны құрылады”, – деді үміткер кездесу барысында.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді