Ішкі істер департаменті Қалмұханбет Қасымов сержанттардың орташа жалақысы 70-75 мың теңге, ал офицерлердің жалақысы 100-110 мың теңге алатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Сержанттардың жалақасы 70-75 мың теңгеден басталады. Жұмыс өтіліне байланысты айлығы көтеріле береді, бірақ шамалы процент қосылады. Офицер 100-110 мың теңге алады. Оның шені бар. Осыған қоса жұмыс өтілі мен шені бойынша еңбекақысы көтеріледі. Жол мен көшедегі патрульдердің, полицейлердің деңгейін көтеріп жатырмыз. Жоғары білімі бар азаматтарды жұмысқа алғымыз келеді. Осылайша, еңбекақыдан бөлек білім деңгейі де артатын болады. Ал сержант лауазымына орта білімі бар адамдарды қабылдаймыз. Сөйтіп бұл жерде білім мен жалақыны арттыру мәселесін қоса шешеміз», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, қазір әкімдердің қолдауымен 88 мыңнан астам сержанттың 3 мыңға жуығы офицер лауазымына ауысқан.