Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат Ж.Тельпекбаева, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Донбаев және Д.Жарасбаев «Алтын Орда» базарының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, «Алтын Орда» базарының өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «Nur Otan» партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы айтып берді.
Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қарасай ауданының сайлау қорынан төленді.










