Кенесары хан ескерткішінің жанында, астаналықтар үйсіз және мұқтаждарға арналған өнімдер мен антисептиктер салынған пакеттерді байлап қойды, деп хабарлайды Toppress.kz.
Қайырымдылық акциясының бастамашылары астаналықтарды карантин және төтенше жағдай кезінде бір-біріне көмектесуге шақырады. Акция "Шыда, бауырым" сөздерімен сүйемелденеді.
Бұл туралы ақпарат eto_astana_detka Instagram-дағы парақшада пайда болды.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары осы жағдайға байланысты өздерінің оң пікірлерін қалдыруда.
Еске сала кетейік, осы сағатта Қазақстан бойынша 97 науқас тіркелді:
Нұр-Сұлтан қаласында – 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды каласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтобе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам.