• Последние

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық өмірдегі жаңалықтар

26.09.2025

По итогам вторых теледебатов партия «Әділет» стала лидером зрительского онлайн-опроса

06.08.2026

На Седьмом канале завершились предвыборные дебаты: партии представили свои инициативы в сфере образования

06.08.2026

На Седьмом канале продолжаются теледебаты: зрители выбрали лидеров промежуточного онлайн-голосования

05.08.2026

В Испании заявили о возможном участии спецслужб Марокко в наплыве мигрантов в Сеуту

05.08.2026

В Астане стартовали теледебаты с участием семи политических партий

05.08.2026

Онкобольные в контейнерах: жительница раскритиковала условия в областной клинике

05.08.2026

Токаев поздравил коллектив и ветеранов Национального архива Республики Казахстан с 20-летием  

05.08.2026

Инфраструктура, технологии и новые возможности: Представители «Әділет» обсудили с аграриями развитие села

05.08.2026

В Казахстане создается новая система защиты средств ОСМС от необоснованных выплат

05.08.2026

Экология, медицина и производство: какие темы объединили партии в регионах

05.08.2026

«Казахмыс» начал строительство самого глубокого шахтного ствола в Казахстане

05.08.2026
Фото сгенерировано ИИ

Военнослужащие спасли мальчика от избиения в Алматы

05.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/06/8:43
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық өмірдегі жаңалықтар

by Aliya Toppress
2025/09/26 18:52
A A

Шымкент қаласында халықтың тұрмыс сапасын арттыру, мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, хабарлайды Toppress.kz.

26–27 қыркүйек күндері қалада ұлттық руханиятты ұлықтайтын «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтуде. «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған өнер мерекесінде ән, күй, жыр, терме және дәстүрлі мектептердің тағылымы көрерменге ұсынылды. Қазақстанның халық әртістері мен белгілі мәдениет қайраткерлері қатысқан кеш қала тұрғындарына рухани қуат сыйлады.


Қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік саласында да оң өзгерістер бар. Жақында №150 және №146 бағыттарына 30 жаңа заманауи автобус жолға шықты. Қарағанды қаласында құрастырылған Yutong маркалы автобустар жолаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетеді. Бұл – қалалық көлік жүйесінің сапасын арттыруға жасалған қадам.

Әлеуметтік қолдау саласында қарттарды қорғау басты назарда. 1 қазан – Қарттар күніне орай зейнеткерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, жалғызілікті қарияларға ай сайынғы төлем қарастырылған. Шымкент қаласында 99 мыңнан астам зейнеткер бар, олардың денсаулығын жақсарту үшін жыл сайын 7 мыңнан астам адамға санаторлық емделуге жолдама беріледі. Бұл бағытта «Ізетті зейнеткер» коммуналдық мекемесі жүйелі жұмыс атқаруда.


Қоғамдық қауіпсіздік те назардан тыс қалған жоқ. Өткен аптада 175 қылмыстық іс тіркелді, олардың басым бөлігі интернет-алаяқтық пен ұрлық деректеріне қатысты. Қала тұрғындарына өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу, тауарды тек ресми дүкендерден сатып алу туралы ақпарат беріліп, ескерту жасалды. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге тәртіп сақтау, ал ата-аналарға кәмелет жасына толмаған балаларға скутер мен самокат жүргізуге жол бермеу қажеттігі айтылды.

Еңбек күніне орай «Арбат» демалыс аймағында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 100-ден астам жұмыс беруші тұрғындарға қызмет ұсынды, ал үздік еңбек озаттары арнайы марапатталды.

Қоғамдық тыныштықты сақтау үшін түнгі мезгілде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері заңсыз фейерверк атқандарға 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қала инфрақұрылымын дамыту бағытында да маңызды қадам жасалды. Еңбекші ауданындағы Қойкелді Батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңартылған көпір тұрғындарға қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалыс жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Тұран ауданы Арғымақ шағынауданының әлеуметтік нысандармен қамтылу мәселесі бойынша тұрғындармен арнайы кездесу өткізіліді. Шағынаудан тұрғындарына көршілес орналасқан Құлагер және Ақжар шағынаудандарындағы мектептер мен балабақшалар қызмет көрсетуде. Медициналық көмек те жақын маңдағы амбулатория арқылы қамтамасыз етілген. Ал инфрақұрылымдық жүйелердің басым бөлігі іске қосылған.

Жалпы, Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардың өмір сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытында кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.