Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, – деп хабарлайды Toppress.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
1. Карантин кезінде барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Шымкент әкімдік сайтындағы ерекшеліктер.
2. Азаматтардың қалаға кiрiп-шығуына (жаяу жүруді қосқанда) және көлік қозғалысына шектеу қойылады.
3. Шағын автобустардың қозығалысына тыйым салынады. Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсететін болады.
4. Қаланың барлық аймақтарында дезинфекциялау жұмыстары күшейтiлуде.
5. Тұрғындардың қозғалысы толықтай шектеледі.
6. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.
7. Карантин кезінде тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерін жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі қажет.
8. Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
9. Барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді
10. Жеке көліктегi жүргізушілердің қала iшiнде қозғалысы шектеледі.