• Последние

«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды

10.09.2026

Шахта «Тентек» впервые за десять лет добыла миллион тонн угля

25.10.2026

День Республики: на 100-метровом флагштоке Шымкента подняли Государственный флаг

25.10.2026

Почему рост экономики не ощущается сразу, объяснил политолог

25.10.2026

Ко Дню Республики Qarmet и Allur инициировали программу поддержки талантливой молодёжи на крупнейших предприятиях страны

25.10.2026

Туристам в аэропорту Астаны подарили праздничное настроение ко Дню Республики

24.10.2026

В Казахстане по поручению Президента началась комплексная военная реформа

24.10.2026

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

24.10.2026

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады

24.10.2026

Журналиста Амангельды Батырбекова вновь арестовали — на этот раз по уголовному делу

23.10.2026

От крупнейших компаний к экономике знаний: что стоит за лидерством Казахстана в Центральной Азии

23.10.2026

В Шымкенте отметили День Республики

23.10.2026

Президент наградил металлурга «Казахмыса» Золотой звездой и орденом «Отан»

23.10.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/10/25/14:27
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
  • Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды

«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарын балалардың күнделікті тәрбиесіне енгізіп, оны экологиялық акциялармен шектемей, тұрақты мәдениетке айналдыру ұсынылды.«Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев өзінің алғашқы депутаттық сауалында «Таза Қазақстан» бастамасын білім беру…

by Saida Nygmet
2026/09/10 12:38
A A

«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарын балалардың күнделікті тәрбиесіне енгізіп, оны экологиялық акциялармен шектемей, тұрақты мәдениетке айналдыру ұсынылды.«Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев өзінің алғашқы депутаттық сауалында «Таза Қазақстан» бастамасын білім беру ұйымдарына енгізу мәселесін көтерді.

Депутаттардың айтуынша, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бір реттік экологиялық акция емес, жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама.

«Таза Қазақстан» ұғымы қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. Ол ниетпен іс-әрекеттің тазалығын, әділдікті, адамдарға, өзгенің еңбегіне, қоғамдық мүлікке және өз еліне деген құрметті қамтиды.

Осыған байланысты депутаттар бастама қалалар мен ауылдардың келбетін өзгертумен қатар, азаматтардың мәдениеті мен ойлау жүйесіне де ықпал етуі қажетдеп есептейді.

Тазалықты акция емес, күнделікті әдетке айналдыру керек

Депутаттардың пікірінше, қоғам айналаны тазалауға үйренгенімен, ендігі міндет – тазалықты күнделікті өмір салты мен мәдениетке айналдыру.

Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру қажет. Өйткені мінез-құлық мәдениеті алғашқы айыппұлдан кейін емес, одан әлдеқайда ертерек – отбасында, балабақшада және бастауыш сыныпта қалыптасады.

«Бала ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп қана қоймауы керек. Адамдарға құрмет, әділдік, жауапкершілік, өзгенің еңбегіне және өз еліне ұқыпты қарау баланың ішкіқағидаттарына айналуы тиіс», – дейді депутаттар.

Олардың айтуынша, тәрбие жұмысының тиімділігін өткізілген іс-шаралар менесептердің санымен бағалау жеткіліксіз. Негізгі өлшем баланың күнделікті мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдылары мен жауапкершілігінен көрінуі тиіс.

Құндылықтарды жас ерекшелігіне қарай енгізу ұсынылды

«Respublica» фракциясының депутаттары Үкіметке бірнеше ұсыныс жасады.

Біріншіден, «Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақшалар мен мектептердің күнделікті тәрбие жұмысына енгізу ұсынылды. Депутаттар мұндай құндылықтар жекелеген акциялар немесе сынып сағаттары арқылы ғана емес, баланың күнделікті іс-әрекеті арқылы қалыптасуы қажет деп санайды.

Екіншіден, тәрбие жұмысын баланың жас ерекшелігіне қарай кезең-кезеңімен жетілдіру ұсынылды.

Депутаттар білім беру жүйесінде негізгі құндылықтарды мынадай тәртіппен жүйелі түрде қалыптастыруды ұсынды:

• балабақша мен бастауыш сыныптарда – «Таза Қазақстан» қағидаттары;
• орта буында – «Әділетті Қазақстан» құндылықтары;
• жоғары сыныптарда – «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары.

Бұл арқылы балалардың заңға құрметін, азаматтық жауапкершілігін, елге, қоғамға және айналасына жанашырлықпен қарауын қалыптастыру көзделеді.

«Міндетіміз – таза ел ғана емес, жауапты ұрпақ тәрбиелеу»

Депутаттар «Таза Қазақстан» идеясын қоршаған ортаны абаттандырумен ғана шектемеу қажет екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстанды жай ғана таза ету емес. Біздің міндетіміз – тазалық, әділдік, құрмет пен жауапкершілік ішкі қағидатына айналған ұрпақ тәрбиелеу», – делінген депутаттық сауалда.

Осы ұсыныстар Үкіметке жолданатын депутаттық сауалға енгізілді. Құжат Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолданады.

Рекомендуем также

Құрылтай 2026

1,5 тысячи молодых казахстанцев объединятся в книжные клубы «Оқырман ұрпақ»

07.10.2026
Құрылтай 2026

Снежанна Имашева: Регламент формирует полноценную процедурную основу деятельности Қурултая

10.09.2026
Құрылтай 2026

«Ак жол» определил восемь депутатов Курултая по итогам выборов

26.08.2026
Құрылтай 2026

ЦИК объявил окончательные итоги выборов в Курултай

25.08.2026
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.