«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарын балалардың күнделікті тәрбиесінеенгізіп, оны экологиялық акциялармен шектемей, тұрақты мәдениетке айналдыруұсынылды. Бұл туралы «Respublica» партиясы фракциясының депутаттарыҮкіметке жолданатын депутаттық сауалда мәлімдеді.

Депутаттардың айтуынша, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, «ТазаҚазақстан» – бір реттік экологиялық акция емес, жаңа қоғамдық мәдениеттіқалыптастыруға бағытталған бастама.
«Таза Қазақстан» ұғымы қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. Ол ниетпен іс-әрекеттің тазалығын, әділдікті, адамдарға, өзгенің еңбегіне, қоғамдық мүліккежәне өз еліне деген құрметті қамтиды.
Осыған байланысты депутаттар бастама қалалар мен ауылдардың келбетінөзгертумен қатар, азаматтардың мәдениеті мен ойлау жүйесіне де ықпал етуі қажетдеп есептейді.
Тазалықты акция емес, күнделікті әдетке айналдыру керек
Депутаттардың пікірінше, қоғам айналаны тазалауға үйренгенімен, ендігі міндет – тазалықты күнделікті өмір салты мен мәдениетке айналдыру.
Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру қажет. Өйткені мінез-құлықмәдениеті алғашқы айыппұлдан кейін емес, одан әлдеқайда ертерек – отбасында, балабақшада және бастауыш сыныпта қалыптасады.
«Бала ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп қана қоймауы керек. Адамдарға құрмет, әділдік, жауапкершілік, өзгенің еңбегіне және өз еліне ұқыпты қарау баланың ішкіқағидаттарына айналуы тиіс», – дейді депутаттар.
Олардың айтуынша, тәрбие жұмысының тиімділігін өткізілген іс-шаралар менесептердің санымен бағалау жеткіліксіз. Негізгі өлшем баланың күнделікті мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдылары мен жауапкершілігінен көрінуі тиіс.
Құндылықтарды жас ерекшелігіне қарай енгізу ұсынылды
«Respublica» фракциясының депутаттары Үкіметке бірнеше ұсыныс жасады.
Біріншіден, «Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақшалар мен мектептердіңкүнделікті тәрбие жұмысына енгізу ұсынылды. Депутаттар мұндай құндылықтаржекелеген акциялар немесе сынып сағаттары арқылы ғана емес, баланың күнделіктііс-әрекеті арқылы қалыптасуы қажет деп санайды.
Екіншіден, тәрбие жұмысын баланың жас ерекшелігіне қарай кезең-кезеңіменжетілдіру ұсынылды.
Депутаттар білім беру жүйесінде негізгі құндылықтарды мынадай тәртіппен жүйелітүрде қалыптастыруды ұсынды:
Бұл арқылы балалардың заңға құрметін, азаматтық жауапкершілігін, елге, қоғамғажәне айналасына жанашырлықпен қарауын қалыптастыру көзделеді.
«Міндетіміз – таза ел ғана емес, жауапты ұрпақ тәрбиелеу»
Депутаттар «Таза Қазақстан» идеясын қоршаған ортаны абаттандырумен ғанашектемеу қажет екенін атап өтті.
«Біздің міндетіміз – Қазақстанды жай ғана таза ету емес. Біздің міндетіміз – тазалық, әділдік, құрмет пен жауапкершілік ішкі қағидатына айналған ұрпақ тәрбиелеу», – делінген депутаттық сауалда.
Осы ұсыныстар Үкіметке жолданатын депутаттық сауалға енгізілді. Құжат ҚазақстанРеспубликасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолданады.












