Ақан Сатаев Instagram парақшасында "Томирис" фильмінің түсірілімі аяқталғаны туралы жариялады.
"Достар, бүгін біз "Томирис" фильмінің түсірілімін аяқтадық. Маған бұл тарихи фильмді түсіру үлкен мәртебе болды және көрермендер алдында үлкен жауапкершілікті сезінемін. Себебі көрермен алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Біз – мен және біздің команда, барлық әртістер, басты рөлден бастап массовкаға дейін бар күш-жігеріміз бен өз ісімізге деген махаббатпен жұмыс жасадық!" – деп жазды режиссер.
"Томирис" тарихи лентасының өндірісімен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Сатайфильм" кинокомпаниясы айналысып жатыр. Бас продюсер – Әлия Назарбаева. Фильмнің қоюшы режиссері – Ақан Сатаев.