• Последние

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруге мүмкіндік береді

27.03.2020
Business performance checklist, Businessman using laptop online survey filling out check digital form task, business performance monitoring and evaluation. online survey question form. online exam.

Казахстанский стартап Mirai Tech занял второе место на международном конкурсе в США

16.09.2026

В Казахстане стартовал проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах

16.09.2026

Скандальный экс-священник Иаков Воронцов предстал перед судом за незаконный оборот наркотиков

16.09.2026
Фото: Instagram. kotoshef11

Из гаража — в фельдшеры: кот Беня стал талисманом скорой помощи Петропавловска

16.09.2026

Ценности, этика и будущее – Ерлан Карин озвучил ключевые приоритеты внутренней политики

16.09.2026
Финансовый гороскоп для всех знаков зодиака

Финансовый гороскоп на 19 сентября 2026 года для всех знаков зодиака

16.09.2026
Гороскоп для всех знаков зодиака

Гороскоп на 19 сентября 2026 года для всех знаков зодиака

16.09.2026

«Казахмыс» масштабно обновляет социально-бытовые условия на предприятиях

16.09.2026

В Павлодарской области обновили шесть ключевых участков теплосетей

16.09.2026
Коллаж Toppress

Почему настоящий потенциал казахстанской меди начинается после добычи

16.09.2026

Горный кластер станет ключевым драйвером развития экономики Алматы — Олжас Смагулов

16.09.2026

До +32 градусов и гроза: прогноз погоды на 16 сентября для Астаны, Алматы и Шымкента

16.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/16/17:46
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруге мүмкіндік береді

by Toppress.kz
2020/03/27 07:21
A A

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) уақытша қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттеріне 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемді 90 күнге шегеруге мүмкіндік береді. Шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіреді. Бұл клиент жазған өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініште кейінге шегерудің не себепті қажет болғанын көрсету керек, бірақ банк қосымша растау құжаттарын талап етпейді. Төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Бұл шара коронавирус таралуының алдын-алу мақсатында елде төтенше жағдайдың енгізілуіне және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланғанына байланысты орын алған деп қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Төлемді шегеру туралы өтініш 2020 жылғы 15 сәуірден бастап интернет-банкинг арқылы қабылданады. Барлық өтініш мақұлданады. Шегеруді 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдерге қатысты қолдануға болады. Онлайн-өтініш беру кезінде 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша уақтылы өтелмеген несие төлемі болмауы керек, — деп ескертті банктің Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Банк басшысы барлық азаматты төтенше жағдайды ескере отырып, оқшаулану ережелерін сақтауға және банк бөлімшелеріне бармауға шақырды.

Төлемді кейінге шегеру несие мерзімін 3 айға ұзарту арқылы жүреді. Бұл клиенттерге ай сайынғы төлем көлемін қалыпты деңгейде ұстап қалуға көмектеседі.

Банк алдын-ала және аралық заем алушыларды олардың тұрғын үй заемына өту мерзімі шегеру уақытына ұзартылатынына назар аударуын өтінді. 

2020 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында уақтылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл алынбайды. Осы үш ай ішінде клиент негізгі қарыз бен сыйақыны өзіне ыңғайлы уақыт пен күні толық өтесе, төлемдерді кейінге шегеру туралы өтінішті бермей-ақ, қолайлы несие өтеу кестесін таңдап, айдың кез келген күнінде қарызды өтей алады. Мұны үйден шықпай-ақ онлайн жасауға болады.

2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин аяқталғанша Қазақстан аумағындағы барлық филиалда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа нұсқасына өтеді. Бөлімшелерде несие өтініштерін қабылдау, посткредит және постдепозит операцияларды өткізу уақытша тоқтатылады. Бұл кезде клиент Банкке келіп, тек екі операцияны қолдана алады: депозитті бөлу/тоқтату арқылы ақшасын алу, сондай-ақ заемның бір бөлігін жабу немесе оны толықтай өтеу. Бұл операцияларды пайдалану үшін  банк сайтындағы онлайн-брондау арқылы алдын-ала жазылу керек. Басқа жағдайларда Банк коронавирусты таратпау мақсатында клиенттерге қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр болады. 

Нотариустардың жұмысына тыйым салынбаса, 27 наурыз 18.00-ге дейін берілген және мақұлданған барлық несие өтініші клиентті телефонмен жеке хабарласып шақыру арқылы берілетін болады. Қазір Банк 1000 шамасындағы несие өтінішін қарастырып жатыр, 200 өтініш берілу кезеңінде. 

Банк карантин аяқталғанша сатып алу-сату мәмілесін жасаспауға шақырады. 

Несие өтеу және депозит толықтыру ыңғайлы болуы үшін қаладағы карантин режимінде ашық тұрған орындарда орналасқан төлем терминалдары істейді. Алайда Банк сауда-ойын орталығы мен базар іздеп қалада жүрмей, төлемді ЖССБ 24 интернет-банкингі арқылы жүргізуге шақырады. Мұнда кез келген банктің төлем картасын қолдануға болады. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.