• Последние
коллаж baq.kz

Заңгер: Қазақстанда медиацияның келешегі зор

05.08.2025

Атом, водород, ветер и газ: как инвестиции развивают энергетику Казахстана

02.09.2026

Инвестиционный бум: какие мегапроекты на $124 млрд готовит Казахстан

02.09.2026

Итоги геологоразведки: в Казахстане открыли 54 месторождения

02.09.2026

В Таразе завершают масштабную реконструкцию тепломагистрали к отопительному сезону

02.09.2026

Пан Ги Мун поддержал инициативу К.Токаева по созданию Международной водной организации

02.09.2026

Президент назначил Мухтара Тлеуберди министром иностранных дел РК

02.09.2026
судов, танкер, сухогруз

10 человек пропали без вести при столкновении сухогруза и танкера в Турции

02.09.2026
Фото: МойГород

Гибель 11-летнего мальчика под воротами в Уральске: суд оправдал подсудимого

02.09.2026
Кадр из видео

Школьник за рулем внедорожника едва не сбил детей возле школы в Алматы

02.09.2026

Новорожденную девочку нашли в мусорном баке в Жамбылской области

02.09.2026
Компания, девайс, Wi-Fi

TP-Link представила первую систему с Wi-Fi 8 для покрытия 910 кв. метров

02.09.2026

Энрике Иглесиас поделился кадрами с «Астана Арены» накануне концерта

02.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/03/8:31
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Заңгер: Қазақстанда медиацияның келешегі зор

by Темирлан Жапаров
2025/08/05 18:03
A A

Елімізде бүгін, 5 тамыз – Медиация күні аталып өтіледі. Қоғамда дау-дамайсыз келісімге келудің мәдениеті ретінде қалыптасып келе жатқан бұл институтқа биыл 14 жыл. Осы аралықта медиация саласында қандай өзгерістер болды? Кәсіби және қоғамдық медиатордың айырмашылығы неде? Бұл сұрақтар төңірегінде BAQ.KZ тілшісі Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Жанар Үсіпбековамен сұхбаттасты.

— Жанар Жолдасбайқызы, оқырмандарға түсінікті болу үшін: медиатор кім және ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіріп өтсеңіз? Медиатордың қоғамдағы рөлі қандай?

— 2011 жылы 5 тамызда «Медиация туралы» заң қабылданды. Осы 14 жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Медиатор дегеніміз – жеке тұлға. Екі тараптың ортақ шешімге келуіне көмектесетін тұлға. Даударды шешу мәселесіне әрекет жасайды. Заң бойынша бізде кәсіби және қоғамдық медиатор бар. Қазір таңда республика бойынша бізде 23 медиатор қоғамдық ұйымы бар. Оның ішінде, 2 мыңнан астам кәсіби медиатор, 1800-ден астам қоғамдық медиатор жұмыс істейді.

Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы 20 желтоқсанда Президент «Медиация туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, өзгерістердің ішіндегі ең бастысы – медиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітілді. Ол – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Сондай-ақ кәсіби мен қоғамдық медиаторлардың тізімін Мәдениет және ақпарат министрлігі бағалап отырады. Тізілім ведомствоның сайтында бар.

Екіншіден, кәсіби медиаторларды даяулау бойынша министрлікпен бірге бағдарлама дайындадық. Жуырда министрдің бұйрығымен бекітіледі.

Тағы айта кетерлігі, осы 14 жылда медиациялық ұйымдар Сенат пен Мәжілістің жұмыс тобына мүше болдық. Заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан медиацияға қатысты Үйлестіру кеңесі ашылған болатын. Мен сол кеңестің мүшесімін. Бұл кеңеске 23 медиациялық орталық басшысы мүше ретінде қамтылған. Осы кеңес Қазақстандағы медиация саласына қандай өзгерістер енгізу керек, татуласу рәсімі арқылы қалай шешім табуға болады деген секілді мәселелерді қарайды. Барлық проблемаларды, мәселелерді талқылап, министрлік өкілдерімен бірге кеңес отырысында қараймыз.

— Кәсіби медиатор мен қоғамдық медиатордың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

— Соның ішінде, қазір кәсіби емес, қоғамдық медиатор деп атаймыз. Қоғамдық медиатор дегеніміз – бұған облыстағы белгілі, абыройлы азаматтар кіреді. Қоғамдық медиатордың жасы 40-тан асуы міндетті. Жұмысты тегін істейді. Көбінесе жергілікті әкімдіктермен жұмыс істейді. Ал кәсіби медиаторлар – жеке тұлға, 25 жастан асқан, жоғары білімі болуы шарт. Олар: нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылар, басқа да тұлғалар. 5 күндік медиаторлар даярлау бағдарламасынан өтіп, сертификат алған маман.

— Мамандарды қалай оқытасыздар?

— Кәсіби медиаторлар 5 күндік оқудан өтіп, арнайы сынақ, тест тапсырады. Астана қаласы әкімдігі мен Астана қалалық соты татуласу орталықтарын ашқан. Ол орталықтарда біздің әріптестеріміз – медиаторлар сол соттарда отыр. Татуласу орталықтары халыққа тегін қызмет көрсетеді.

— Ел аумағында қанша орталық бар?

— Республика бойынша 92 медиация кабинеті ашылған. Олар Достық үйлерінде, Кәсіподақ ұйымдарының жанында жұмыс істейді. Астана қаласында Отбасылық қолдау орталығы бар. Солармен біз тығыз байланыстамыз, олармен жұмыс істейміз. Мысалы, елордада зорлық-зомбылық бойынша басқармалар ашылды. Бүкіл ішкі істер басқармаларымен зорлық-зомбылық істеріне қатысты еңбек еттік.

— Қай істерде медиация қолданылмайды?

— Медиация бірнеше бағытта қолданылмайды. Бірінші – сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар. Екінші – мемлекеттің мүддесіне қайшы қылмыстар. Үшінші – зорлық-зомбылықта да медиация жүрмейді. Бұған дейін ерлі-зайыптылар татуласатын. Енді жаңа заң бойынша татуласуға қатысты бап алынып тасталды. Сондықтан медиация арқылы осы салаларда істі жүргізу тоқтатылды.

2016 жылдан бастап Азаматтық процессуалды кодексте арнайы 17-тарау бар. Ол жерде татуласу рәсімдері, оның ішінде, медиация, сот медиациясы, партисипативтік рәсім қарастырылған. Бізде қазір сотта 60-70% медиация арқылы шешіледі. Бұл сотқа түсіп жатқан арыздарды төмендетуді білдіреді. Медиация – қаражат жағынан тиімді, өйткені адвокатқа ақша жұмсалмайды. Уақыт жағынан да өнімді. Әр медиаторлық орталық қызмет бағасын өздері бекітеді. Сол үшін бұл өте оңтайлы тәсіл деп айтуға негіз бар.

Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Араб елдеріндегі әріптестермен тығыз байланыстамыз. Олармен тәжірибе алмасып келеміз.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Америкада, Еуропада, Қытайда, Сингапурда дау-дамайдың 80-90%-ы осы медиация арқылы шешіледі. Сондықтан Қазақстан да болашақта осы санға жетеді деп ойлаймын. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілі тұратындықтан этносаралық медиация жақсы дамып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, әр Достық үйінде медиация кабинеті ашылды. 14 жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Келесі жылы медиация саласына 15 жыл толады. Елдегі медиацияның болашағы зор.

— Әңгімеңізге рахмет!

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.