“Nur Otan” партиясы өз мүмкіндіктерін таныстыру әрі барынша халықты көптеп қамту мақсатында «Есіктен есікке» акциясын бастаған болатын.
Бүгін Жаңаөзен қаласында “Есіктен есікке” акциясы аясында “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық сайлауалды штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында штаб мүшелері қаладағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, тұрғындарды халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға қатысуға және “NurOtan” партиясын қолдауға шақырды.
Партияның «Есіктен есікке» акциясына белсенді атсалысудамыз. Өйткені қала мен оған қарасты Қызылсай, Теңге, Рахат ауылының тұрғындары партияның мүмкіндіктерімен толық ақпараттануы қажет. Содан кейін сайлауда еліміздің болашағы, өздерінің жайлы тұрмысы үшін дұрыс шешім қабылдай алады, – деді облыстық мәслихат депутатына үміткер Б.Берекетов.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары 2021 жылы 9 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорынан төленді.










