• Последние

Жас вице-министр Әбілхайыр Тамабек Мәжіліс депутаттарына ескерту айтты

13.05.2023

Курс на цифровизацию и обновление инфраструктуры

27.09.2026

На Almaty Marathon собрали отходы для дальнейшей переработки

27.09.2026

События в Мангистау: поручения Президента и принятые меры

27.09.2026

В Астане торжественно встретили чемпионов Азиады по академической гребле

27.09.2026

Трагедия в Мангистау стала объектом информационных вбросов: какие фейки распространяют в Сети

27.09.2026

Новый министр обороны: почему выбор пал именно на него

27.09.2026

Михаил Шайдоров завоевал бронзу на турнире ISU Challenger в Братиславе

27.09.2026

Почему растущий интерес к горам требует комплексного развития инфраструктуры

26.09.2026

Вандализм на Аллее журналистов в Астане: полиция задержала подозреваемых

26.09.2026

От выбора профессии до условий труда: как меняется рынок занятости Казахстана

26.09.2026

Председатель КНР Си Цзиньпин посетил США с государственным визитом

26.09.2026

Алматы как международное направление для активного отдыха

26.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/28/5:59
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Жас вице-министр Әбілхайыр Тамабек Мәжіліс депутаттарына ескерту айтты

by Алина Автор
2023/05/13 18:39
A A

Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев бастаған делегация Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды Toppress Айқынға сілтеме жасай отырып.

Делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Жигули Дайрабаев, Айдарбек Қожаназаров, Ислам Сұңқар, Ғалымжан Елеуов, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және бір топ министрлік өкілдері бар.

 

AMP

Сапар аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы депутаттарды Ордабасы, Сайрам, Сауран аудандарындағы жылыжай кешені мен мал бордақылау алаңдарының жұмысымен, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары, жаңбырлатып суару жүйесі, Түркістан магистральды каналының тіршілігімен таныстырды.

Одан соң, Мәжілісмендер облыс орталығы Түркістан қаласында көкөніс шаруашылығы саласы мен суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Алғашқы сөзді алған Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев көшпелі отырыстың алғашқы жиыны қасиетті Түркістан топырағында басталғанын атап өтті.

Көшпелі отырысты Түркістанда бастаудың басты себебі өңір ауыл шаруашылығының драйвері саналады. Яғни, республика бойынша мақтаның 100 пайызы, жүзім шаруашылығының 76, бақша өнімдерінің 64, жеміс-жидектің 40 және көкөністің 25 пайызы Түркістан облысында өндіріледі. Сонымен қатар, мұнда республика халқының 2 миллионнан астам адамы тұрады. Демек, Мәжіліс депутаттары бұл өңірді тектен тек таңдаған жоқ.

 

AMP

«Кеше біз облыс аумағындағы бірнеше ауыл шаруашылықтарында болып, олардың жұмысымен таныстық. Халқымызды жергілікті көкөніс өнімдерімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету үшін шешімін таппай отырған бірқатар проблемалар  бар екенін бағамдадық.  Жиында заң шығарушы, атқарушы билік өкілдері, сала мамандары мен шаруалар бірлесе отырып, осы өзекті мәселелерді шешу жолдары мен әдістерін талқылаймыз», – деп атап өтті Серік Рахметоллаұлы.

Ал, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет тарапынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ағымдағы жылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, ауыл шаруашылығы жобаларын жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен несиелендіру жұмыстары басталды. Бұл ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты серпіліс беретіндігі сөзсіз. Алайда ауыл шаруашылығында өнімді кепілді ұлғайту үшін, ағын су тапшылығын шешудің резервтік барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа құрылыстар жүргізіп, тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіруді мүмкіндігінше қолға алу қажет. Сол себепті аталған бағдарламаларды қарастыру барысында өңірлердің ерекшелігіне орай қаржының қажетті көлемде бөлінуіне қолдау білдірулеріңізді сұранамыз», – деді Ермек Кенжеханұлы.

Басқосуда Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров бірқатар ащы шындықты көтерді. Қымбатшылыққа байланысты Үкіметтің таңдап алған саясатына көңілі толмайтынын, өнімің халыққа арзан болсын деп фермерлерді әртүрлі шектеумен қысатынын, салдарын диқандар тартып отырғанын ашына жеткізді.

«Дәл қазір жылыжаймен және баумен айналысатын диқандардың қаржылық жағдайы өте нашар, банкрот болудың алдында тұр. Үкіметтің қолдауынан күдер үзген азаматтар бизнесін сатып жатыр. Қаржы ұйымдарының бюрократиясынан шаршаған диқандар барлық өндірістерін тоқтатуда. Қазір қолдамасақ кейін толықтай импортқа тәуелді боламыз», – деді депутат.

Одан бөлек, контрабандамен келген көкөністер бойынша ештеңе төленбейтіні, диқандардың осыны айтып бірнеше рет шырылдағанын да жеткізді.

Жас вице-министр Әбілхайыр Тамабек Мәжіліс депутаттарына ескерту айтты. Облысқа бөлінген қаражатты қадағалау депутаттардың да міндеті екенін еске салды.

Көшпелі жиында бұдан өзге де диқандарға жағдай жасау, олардың мұң-мұқтажын тыңдау жайттары қозғалды. Депутаттар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, салалық бірлестіктердің өкілдерімен елімізде көкөніс шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағын, суармалы егін мәселелерін талқылады.

Көкөніс қоймаларының жоқтығы мен жеткіліксіздігі, өндірісті дамыту мен кеңейтуге субсидия алу мәселелері, саланы жеткіліксіз қаржыландыру, қайта өңдеу үлесінің төмендігі, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығы және жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы мен сапасы бойынша бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы инфляцияға кері әсер етіп, көкөністер мен жемістердің жекелеген санаттары бойынша импорт үлесінің артуына әкеліп соғатыны айтылды.

Жиын қорытындысымен қатысушылардың барлық сындарлы ұсыныстары мен тілектері алдағы үкімет сағатының ұсынымдарының жобасына енгізілетін болды.

 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.