• Последние

Жасалған қателік өзгеге сабақ болуы тиіс

15.07.2019
Screenshot

Труд каждого в общем результате: автомобили отечественного производства сошли с конвейера и выстроились в дату выборов

20.08.2026

«Нам необходимо развивать совместные проекты, обмениваться эффективными методиками, готовить лидеров и координаторов», — Аида Балаева на I Форуме волонтеров СНГ

20.08.2026

Сил все меньше, Алматы все ближе: Мендыбай ага рассказал о самых трудных километрах пути

20.08.2026

Вступление в силу новой Конституции – это начало нового этапа развития национальной правовой системы – эксперт

20.08.2026

Молодую мать нашли мертвой в квартире: родные заявили о возможном домашнем насилии

20.08.2026

Профицит торгового баланса Казахстана вырос почти в четыре раза: что это значит для экономики

20.08.2026

Как возвращенные активы повышают качество жизни казахстанцев — эксперты

20.08.2026

Столичный Центр кинологической службы пополнился маленькими четвероногими помощниками полиции

20.08.2026

59 тысяч вопросов и семь лидеров партий: как прошли «Главные дебаты — 2026»

20.08.2026

Будущее страны начинается с каждого: человек труда напомнил о выборах

20.08.2026

Пассажирский самолёт и военный вертолёт столкнулись: власти начали расследование

20.08.2026

Аким Алматы Дархан Сатыбалды вручил ключи от квартир новоселам

20.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/20/19:24
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Жасалған қателік өзгеге сабақ болуы тиіс

by Toppress.kz
2019/07/15 11:22
A A

Павлодар облысы бойынша ҚМДБ өкілдігі "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде "Жусан" операциясы нәтижесінде Сириядан балалармен бірге қайтарылған екі әйелмен сұхбат ұйымдастырды. Іс-шараға барлық аймақтық БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесуді жүргізген мешіт имамы жат ағымның жетегінде кеткендерді мемлекет қашанда қарамағына алуға дайын екенін тілге тиек етті. 

"Жусан" операциясы нәтижесінде Сириядан оралған қазақстандықтар мемлекеттің қорғауында болады. Бүгін біз өзіміздің отандастарымызды Толғанай мен Әсемді шақырдық, олардың қиын тағдыры туралы біліп, алдағы уақытта да осындай қателіктердің алдын алуға, өзгелердің қате басқан қадамдары жас ұрпаққа сабақ боларын ескеруге тиіспіз,- деді мешіт имамы. 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу барысында алғаш болып сөз алған Толғанай өзінің ислам дініне келуіне күйеуінің ықпалы болғаныны айтты.

2009 жылы мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыға оқуға түстім. Күйеуіммен бір группада оқыдық. Ол менің ислам дініне келуіме, намаз оқуыма себепші болды. Университетте оқып жүріп, некемізді қидық. Біз 4 курс оқып жүрген кезде күйеуімнің жақын достары Сирияға кете бастады. Сол кезде Сирия туралы видеолар көруіп, сол жақ туралы қызығушылығымыз оянды. Диплом жұмысын жазып жатқан кезімде үйге екі азамат келді. Сол кезде менің күйеуім сол адамдармен бірге Сирияға барамын деп шешіп, солармен бірге кетіп қалды. Маған не болып жатқанын дұрыс түсіндірген жоқ. Кейін мені де шақырды. Ата-анам бізді дұрыс емес ағымдасыңдар деп хиджабымды шешуге, намазымды тастауға үгіттеді. Мен бұл жағдайды күйеуіммен телефон арқылы сөйлескенде айттым. Ол маған сенің дініңе қауіп төніп тұр деді. Сондықтан ислам жеріне келгенің дұрыс болады деді. Бір жарым жылдан кейін яғни 2014 жылдың шілде айында Сирияға бардым. Мен барған уақытта соғыстың артынан соғыс болып, онда жеңгендіктен ақша көп болды. Сөйтіп жағдайымыз жақсы болды. Олар мұнайы бар жерлерді соғыс арқылы жаулап алып жатты. Ал біз өзімізді шариғат жерінде тұрып жатырмыз деп ойладық. Өйткені, әйелдер мен бала-шағалар соғыс алаңынан алыс  жерлерде тұрған еді. Кейін 2017 жылдан бастап, біздің күйеулеріміздің соғысып жүрген жағы жеңіліске тап болды. Сол кезде барып, жат ағымның жетегінде жүрген топтардың басшылары қандай мақсатпен соғыс ұйымдастырғанын түсіндік, -дейді Толғанай.

Оның айтуынша, 2017 жылдың желтоқсан айында күйеуінің қонақта отырған жерінен үстіне боба түсіп қайтыс болыпты. Сол уақыттан бері адамдар көптеп қоныстанған жерлерде, баспаналарда бомбалар жиі жарылатын болған. 

Сосын жиі орын ауыстыруға, көшуге тиісті болдық. Жейтін тамақ жоқ, аш қалдық. Сол уақытта қиындық басымызға түскен кезде ненің не екенін ұғындық. Сириядағы арабтардың қарны тоқ болды, ал басқа елден келген біз сияқты адамдар ешкімге керек емес болды. Күйеулері қайтыс болған жесірлер бәріміз бір үйде тұрдық. Бәріміз күн көру үшін қайыр сұрап кеттік. Басымызға іс түскен соң, елімізге қайтуға жол істедік. Ол кезде кеш еді. Қашайық десек, миналардан қорықтық. Кейбір қашып ұсталған адамдарды қамауға алып жатты. Жәннатқа барамыз деп өзін-өзі жарылғыш арқылы жарып жатқандар да болды. Олар бұны дұрыс нәрсе деп түсіндіріп, жәннатқа асылу керек деп барлығын осы әрекетке шақырды. Тіпті, кейінгі кездері әйелдерді де соғысуға үгіттеді. 2019 жылы мүлдем далада қалдық. Соғыстың ортасында жүрдік. Қасымыздан оқтар ұшып жатты. Ондағы лагерьлерде қолынан я болмаса аяғынан айырылған, айтарлықтай жарақат алған әйелдерді көп кездестірдік. Бұл адамдарға ешқандай медициналық көмек көрсетілмейді,- деді, Сириядан келген Толғанай.

Ол өз сөзінде елге қайтуға тырысқанын бірақ мүмкіндік болмағанын, оларды Сириядан қайтпауға үгіттегенін айтты. Сирияға өзге елдерден барғандардың барлығын қайтып өз елдеріне қайтпауға үгіттейді. Оларды ислам халифаты әлі орын алады деп сендіреді. 

Биылғы жылдың мамыр айында маған қазақ азаматтары келіп, «Жусан» операциясы бойынша елге оралдық,-деді Толғанай.

Сұхбатта айтылғандай, Толғанайдың екі баласының бірі Сирияда қаза тапқан. 

Сириядан «Жусан» опреациясы арқылы оралған Асем есімді келіншектің айтуынша, тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі намазға жығылып, хиджап киюіне түрткі болған. 

Күйеуім алдымен Египетке оқуға барамыз деп көндірді. Кейін Түркияға баратынымызды айтты. Сөйтіп 2013 жылы Түркияға бардық. Сонда жүрген кезімізде сол жақтағы қазақтармен кездестік. Олар Сирияға бару керектігін айтты. Маған күйеуімнің түсіндіргені бойынша Сирияда мұсылмандар қиындық көруде. Онда барған кезімізде алдымен арабтар бізді қабылдап алды. Бір ай болмастан күйеуімді жеке алып кетті. Кейін 2014 жылы күйеуім жарақат алып қайтыс болды. Ол үш сағаттай қансырап жатып қалған. Мен бұл уақытта жесір әйелдермен бірге көшіп-қонып жүрдім. Әрі менің аяғым ауыр еді. Бірінші балама екі қабат болатынмын,-деді ол. Оның айтуынша, бастапқы кезеңде тамақ тегін берілген. Өзге мемлекеттерден келген отбасыларға доллармен ақша беріп отырған. Басында ақшаны әр топтың басшыларына береді де, олар қажетті заттарды алып отырады. Кейін әр отбасыны жеке үйге шығарып ақша берген. Кейін әйелдер мен балалар қоныстанған аумақта да соғыс жүріп, аспаннан жарылғыш заттар тастап, қан төгіс орын алған. Көбіне сырт мемлекеттерден келгендер азап тартып, қиналған.

2017 жылы жесірлермен тұрған кезде екінші рет күйеуге шықтым. Екі балам бар еді. Арабтардың қай уақытта да қарындары тоқ болатын. Оларға медициналық көмек те көрсетілді,-деді Асем. Кейіпкердің айтуынша, олар басында сыртта болып жатқан жайыттардан бейхабар болған. Кейбір нәрселерді сұрастырып білуге білімдері де жетпеген. Жат ағымның жетегінде кетіп Сирияға барғандардың барлығы алыс ауылдарда тұрғандығы да белгілі болды. Сириядағы жергілікті халық сырттан келгендерді жақтырмай, неге келгендерінін айтып, наразылық білдірген. Ал лагерьлерде ұл балаларды 12-13 жастан бастап соғысқа дайындаған.

Жасөспірім балаларға автоматты атуды үйретеді. Жасы 12-ге жетпеген балалардың өздерін уағыздардың себеп болуынан жарып жібергендері де бар. Ал 13-14-ке толған балалар ересектермен бірге соғысқа аттанды. Біздің күйеуіміз қайтыс болғаннан кейін аптасына 1-4 рет келіп дәрістер айтылып, уағыздар тыңдадық. Орын алған жағдайлардың барлығы халифат екеніне көзімізді жеткізгісі келді. Өз елеріне қайтамыз дегендерді "сендер үшін жәннәтқа жол жоқ" деп қорқытты. Ал қайтуға бекініп, әрекет қылғандарды "қара тізімге" салып, түрмеге отырғызды,-деді Толғанай. 

Сириядан оралған Толғанай мен Әсем қазіргі уақытта еліміздің ішінде жат ағымды насихаттап, теріс жолда жүргендерге өз өмірлерінде жіберген қателіктері сабақ болады деп үміттенеді. 

Біз үлкен қателікке ұрындық. Мен ата-анамды тастап кеткенім үшін өкінемін. Ол кісілерді өз әрекетім арқылы қорқытып, дінге деген көқарастарының өзгеруіне себепші болдым. Олар қазір менің намазыма, орамалыма қорқынышпен қарайды. Сол үшін білімімді жетілдіріп, ислам дінін жақсы жағынан көрсеткім келеді. Ислам діні бейбітшіліктің, мейірімділіктің діні,-деді Толғанай.

Алдағы жоспарын айтқан ол, балалардың балабақшаға, мектепке беріп, өзі бітірген мамандығы бойынша жұмысқа тұруды қалайды. Сириядан келгеннен кейін мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп, сол жақта туылған балаларынының құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, қаржылай қолдау көрсетіліп, жұмысқа тұру үшін арнайы тегін курстардан өтіп жатқандарын да айтты. 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.