“Есіктен-есікке” акциясы аясында аудандық мәслихат дептутаттығына үміткер Сайлаубай Таласов,Ақылбек Едігеев, Сайлауғали Кенжеғалиев Майкөмген елді мекенінде Сауытов Сағи ақсақалдың үйіне арнайы барып, Сайлауалды бағдарламаны насихаттау бойынша кездесу өткізді.
Бүгін аудан орталығынан сәл қашықтау орналасқан “Майкөмген” елді мекенінде болдым. Уыздай ұйыған, жарасқан тіршілігі бар ауылдың тұрғындарының ақжарма тілектерін тыңдап, Партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым, – деді үміткер.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді