Қазақстанда тағы 97 адам COVID-19 жұқтырды – деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуірдің 09:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 97 адам тіркелді, оның ішінде Қостанай облысында – 4, Алматы қаласында – 62, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Түркістан облысында – 5, Маңғыстау облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Қызылорда облысында – 2, Қарағанды облысында – 6.