Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылды Волонтерлер жылы деп жариялап, бүкіл елде игі істердің уақыты және халықты жақсылық жасауға шақырған еді. Жақыныңа жәрдемдесу, әлсізге қолғабыс ету – бұл көне заманнан келе жатқан асарлату дәсітүрі екені белгілі. Пандемия кезінде еліміздің көп ұлтты халқында бұл қасиеттер қайта оянып, әрбір азамат жақынына жәрдемдесті. Қазіргі уақытта бір шаңырақтың астына жұмылған Ұлтттық волонтерлер желісінде игі істер өз жалғасын тауып келеді.
Кеше Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің ғимаратында Корея Республикасы Үкіметінің қаржылық қолдауымен KOICA Түлектер қауымдастығының тарапынан коронавируспен күресуде қайтарымсыз көмек ретінде Павлодардың мектептеріне 416 мөлшерлегіш құрылғылар мен антисептиктерді тапсыру рәсімі өтті. Шараға Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок, KOICA бағдарламасы бойынша қазақстандық Түлектер қауымдастығының төрайымы Садықова Гүлдана және Ұлттық волонтерлік желісінің төрайымы Вера Ким қатысты.

Ку Хонг Сок, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
- Корей Республикасы пандемия кезінде осылай көмек беру арқылы, екі елдің қарым-қатынасының дамуына үлкен үлес қосып отыр. Пандемия кезінде мектеп ғимаратында санитарлық нормалар мен қауіпсіздіктерді қатаң сақтау – бірінші кезектегі мәселе. Аталған дозаторлар мен антисептиктер оқушыларға көп пайдасын тигізеді деген ойдамын.
Анықтама.
Korea International Cooperation Agency (KOICA) – Корея Республикасының ынтымақтастық бойынша жетекші агенттігі. Агенттіктің негізгі міндеттері – Корея Республикасы мен дамушы елдер арасында достық, ортақ қарым-қатынастар мен өзара алмасуларды орнату, сондай-ақ дамушы елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамуды қолдау.
KOICA Alumni Association of Kazakhstan – KOICA бағдарламасы бойынша Кореяның ЖОО-ларын бітірген қазақстандық түлектердің қауымдастығы.

Гүлдана Садықова, KOICA бағдарламасы бойынша корей университеттерінің қазақстандық түлектер қауымдастығының төрайымы:
- 2005 жылы KOICA бағдарламасы бойынша қазақстандық Түлектер қауымдастығы құрылған болатын. Корей Республикасы осы жылдар аралығында бізге мұрындық болатын. Корей Республикасы Елшілігі мен Ұлттық Волонтерлер желісімен екі апта ішінде қаржы жинап, аталған дозаторлар мен антисептиктер сатып алынып, бүгін табыстау үстіндеміз. Алдағы уақытта біздің қауымдастық жұмысы өз жалғасын табатынына сенімдіміз.
Диспенсерлерді Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға тасымалдауға, сондай-ақ оларды мектептерге тапсыруға және дер кезінде орнатып береміз деп Ұлттық Волонтерлер желісі төрайымы Вера Ким уәде етті.











