Бүкіләлемдік туристік ұйым қай елге туристер көп баратынын анықтады. Олар Францияны туристер ең көп баратын ел деп танып отыр.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметінше, халықаралық туризм жыл сайын қарқын алып келеді. 2017 жылғы яғни, бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда саяхаттаушылар саны 6,8 пайыз өскен.
Туристер көп баратын елдердің алдыңғы қатарында Франция тұр. Ол жаққа жыл сайын 86,7 миллион адам барады.
Екінші орында – Испания. Ол жаққа жылына 81,8 миллион адам барады.
Ал үшінші орында – АҚШ.
Төртінші орынды ҚХР (жыл сайын 60,7 миллион адам барады) алып тұр.
Бесінші орында Италия (жыл сайын баратын туристер саны – 58,3 миллион) тұр.