• Последние

Электронды сауда нарығы қарқынды дамуда

2018/09/06 12:20

В Алматы работникам СМИ вручили ключи от квартир

2026/06/27 18:41

Совет Европы поддержал конституционные реформы в Казахстане

2026/06/27 17:18
Screenshot

Нурсултан Шоканов избран председателем Народной партии Казахстана

2026/06/27 16:22

Сауат Нургалиев завоевал бронзу на чемпионате мира по шахматам среди молодежи

2026/06/27 14:45

Главред КазТАГ Амир Касенов прекратил сухую голодовку на 12-й день

2026/06/26 21:49

В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ

2026/06/26 21:41

В Алматы наградили лучших представителей казахстанской журналистики

2026/06/26 19:56

Казахстан укрепляет позиции туристического направления: итоги первого квартала 2026 года

2026/06/26 19:50

Самолет врезался в самый высокий небоскреб Пекина

2026/06/26 18:54

Более 70 молодых лейтенантов пополнили ряды Вооруженных сил Казахстана

2026/06/26 18:33

Президент передал казахстанцам специальные экземпляры новой Конституции с личным обращением

2026/06/26 18:24

Более 205 тысяч жителей Павлодарской области получат «умные» электросчётчики

2026/06/26 16:56
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/27/23:39
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Электронды сауда нарығы қарқынды дамуда

2018/09/06 12:20
in Казахстан
A A

Биыл төлем карточкаларымен жүргізілетін операциялар саны артып отыр. Бұл дегеніміз жылдан жылға банк картасын төлем құралы ретінде пайдаланудың қатары арта бастағандығы аңғартады. Бұған қоса, төлем карточкаларын қолданудан басқа, бүгінгі таңда қызмет көрсету және сауда-саттық нүктелерінде халыққа интернет пен мобильді банкинг арқылы тұрақты төлемдер, тауарлар мен қызметтерді төлеу, мезеттік режімде картадан картаға аударымдар бойынша қызметтердің кең спектрі қол­жетімді болуда. Статистикалық мәлімет бойынша 132 818 POS-терминал, 8 825 банкомат, 684 банк дүңгіршектері, 16 536 банктік төлем терминалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар еліміздегі 83 221 кәсіпкер 107 мыңнан астам сауда орындарында төлемді төлем карточкаларын қолдану арқылы жүргізеді.

Банктік қызмет көрсетудің кең желісі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды дамыту үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазақстан банктерінің төлем карточкаларын қолданумен 2017 жылы 13,8 трлн теңге сомаға (2016 жылмен салыстырғанда өсу 32,3%) 467,5 млн транзакция жүргізілген (2016 жылмен салыстырғанда өсу 41,2%). 2018 жылдың I жартыжылдығында аталған көрсеткіш 8,7 трлн теңге сомаға 338,9 млн транзакция құрады. Жалпы алғанда 2018 жылдың I жартыжылдығында төлем карточкаларын қолданумен қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемдері 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 трлн теңге сомаға 209,5 мың транзакция құрап, 2,2 еседен астам өсті. Бұл дегеніміз электронды сауда нарығындағы оң серпін байқалады деген сөз. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу үшін төлем карточкаларын қолданудың артуына алдымен цифрлы қаржылық сервистің дамуы оң ықпал етіп отыр. Интернет пен мобильді технологияның жаппай енуімен қатар банктер қашықтан қызмет көрсету қызметтерін белсенді түрде дамыта бастады. Бүгінгі таңда интернет пен мобильді банкинг арқылы тұрақты коммуналдық төлемдерді, кредиттерді, сақтандыру ақысын төлеу, депозиттерді ашу және басқару, мобильді шоттарды толықтыру, телефония, интернет ақысын төлеу, карточкалық аударымдар, инвестициялар секілді барлық қажетті қызметтердің кең ауқымы қолжетімді. Өз кезегінде интернет-төлемдер электронды коммерцияның дамуына жол ашады. Мемлекет «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында электронды коммерцияны дамыту бойынша, оның ішінде тауарлар мен қызметтер ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде салықтық ынталандыру бойынша бірқатар нысаналы шаралар қабылдады. Бұл төлем карточкасын қолма-қол ақшасыз төлем құралы ретінде пайдалану үшін тиімді фактор болып отыр. Электронды коммерциядан басқа Қазақстан Үкіметі POS-терминалдарды орнату ар­қылы көптеген сауда және сервис кәсіпорындарында төлем карточкаларының міндетті түрде қолданылуына жағдай жасады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуда банктердің аталған құралды қолма-қол ақша алу үшін емес, тек төлем жасау үшін қолдануды ынталандыруға бағытталған маркетингтік саясатының маңызы зор.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде электронды сауда-саттықты дамытудың жүйесі қалыптасып үлгерді. Арнайы орталықтар құрылып, онда тауарды сақтау, тапсырысты қалыптастыру, оларды буып-түю және жеткізу қызметтері көрсетіледі. Алдын ала деректерге сүйенсек, еліміздегі интернет сатып алушылардың саны өткен 7 айда 1,5 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық. Бұл бағыттағы сауданың жандануына электронды сауда нарығының жүйеленуі тікеклей ықпал етіп отыр. Елімізде интернет дүкендер арқылы сауда жасаудың оң динамикасы байқалады. Оған себеп, ғаламтор арқылы тапсырыс берудің ықғайлы әрі тиімділігі. Арнайы электронды жүйе бойынша сатушы алдымен сататын өнімін я болмаса қызмет түрін анықтау қажет. Екінші кезекте, сайт-агрегатор немесе интернет дүкен құруға тиіс. Үшіншіден, онлайн-төлемдер үшін қаржы компаниялары және банктермен сонымен қатар, жеткізу қызметін қамтамасыз ететін пошталық-курьерлік компаниялармен шарт жасасу қажет болады. Төртіншіден, тауарды қайда және қалай сақтау қажеттігін шешу мәселесі туындап отыр. Яғни, жекеменшік қойма немесе фулфилмент орталықтарымен келіссөз жүргізу. Айта кетерлігі, еліміздегі электронды сауданы дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасында осындай орталықтарды ашу жоспарланған.

Ал интернет-дүкеннен тауар сатып алудың жүйесі мынандай: тауардың құнын біліп, жеткізу шарттарымен танысу. Екінші кезекте тұтынушы өзі жайында толық ақпараттарды толтыруы шарт. Өзіне ұнаған заттарды белгілеу, қоржынға жүктеу операциясы орындалуы тиіс. Тапсырысты рәсімдеу кезегінде өз деректерін арнайы нысанға енгізу қажет болады. Одан кейін көрсетілген ақпараттардың дұрыс екендігіне көз жеткізу. Қате болған жағдайда, жеке коминетте қайта мазмұндау қажет. Төлем жүргізу кезінде банк картасының мәліметтерін енгізуге тиіс. Соңында жіберілген затыңызды белгіленген уақытта күтіп алу қажет болады. Осылайша қарапайым жүйе арқылы интернет-дүкеннің саудасы жанданып, тұтынушылар саны күн санап артып келеді.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы өз кезегінде қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін қалыптастыруда жаңа серпін беріп, электронды сауданың дамуын ілгерілету мақсатында межелі жоспарлар бекітіп отыр. Биылғы жылы шетелдерге пошта арқылы тауар жіберу уақытын кемітіп, экспортты 1 күннің ішінде шығару мүмкіндігі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, еліміздегі онлайн кассаларды 90 процентке жеткізу жоспарланған. Электронды сауда нарығында 40 мың жұмыс орнын ашу биылғы жылдың межелі жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, онлайн заказ көлемін 50 процентке жеткізу көзделмек. Жыл соңында электронды сауда нарығының өсім көрсеткіші 244 млрд теңгеге жету жоспарланып отыр.  

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share