Ұлыбританияда Қазақстан халқының бірлігі күні мен жастар жылына арналған "Peace and unity" халықаралық велошеруі өтуде, деп хабарлайды Toppress.kz.
Велошерудің алты қатысушысы 830 шақырымды еңсеріп, жеті елдің шекарасын кесіп өтіп, 50-ден астам қаланы аралап, жүгіріске қатысушылар Астана күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласына саяхатын аяқтайды. Велошеру барысында қатысушылар шатырларда түнеп, күн сайын фото және бейнетаспамен бөліседі. Бұдан басқа, велошеру онлайн режимінде Қазақ Географиялық қоғамының әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, велошерудің басты мақсаты еліміздің имиджін насихаттау және ілгерілету, туризмді дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланғандықтан, велошерудің мақсаты жас ұрпақты мәдени және патриоттыққа тәрбиелеу.
Велошерудің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Жанболат Үсенов Қазақстан мен оның құндылықтарын, бірінші кезекте Қазақстан аумағында тұратын халықтардың бірлігі мен бейбіт қатар өмір сүруі тұрғысынан осындай орасан зор жобаның маңыздылығын атап өтті.
Қазақ Географиялық қоғамының президенті Төлеген Тастанбеков велошерудің географиялық қамту тұрғысынан бірегейлігін және оның Қазақстанда спортты және салауатты өмір салтын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.