• Последние

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Нұр-Сұлтанда өтті

2019/09/18 06:42

Аномальная жара в Европе унесла более 1300 жизней: температурные рекорды

2026/07/01 10:47

Новая Конституция РК: Генеральная прокуратура заявила об усилении гарантий защиты прав граждан

2026/07/01 10:40

В Казахстане ввели новые жесткие правила для электросамокатов

2026/07/01 10:15

Новая конституция: волонтерство и благотворительность получили официальный статус в Казахстане

2026/07/01 10:04

С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан

2026/07/01 10:02

Золото демонстрирует худшую квартальную динамику почти за 13 лет на фоне ястребиного разворота ФРС

2026/06/30 22:39

Аида Балаева высказалась о предстоящем суде над Гульнарой Бажкеновой

2026/06/30 19:41
сгенерировано ии

Военнослужащим Казахстана стал доступен цифровой сервис для сообщений о правонарушениях

2026/06/30 19:18

«Самрук-Қазына» реализует проекты на 21 трлн тенге до 2029 года

2026/06/30 18:39
Фото: КГД

Евразийское лето-2026: от форумной дипломатии к экономике исполнения

2026/06/30 17:44
Кадр Sydney Morning Herald

Отец устроил стрельбу в детском центре в Германии: 6 погибших

2026/06/30 17:09

В Казахстане официально разрешены полеты аэротакси и беспилотной авиации

2026/06/30 16:36
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/11:11
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Нұр-Сұлтанда өтті

2019/09/18 06:42
in Казахстан

Әлемнің сан түрлі діни өкілдерінің басын біріктірген алаңда негізгі төрт мәселе қаралды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасу. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2021 жылғы VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар. Оның ішінде съездің негізгі тақырыбы, секциялық отырыстардың тақыптары, өткізілу мерзімдері қамтылған. Сонымен қатар, съез Хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орнын анықтау мәселесі де қаралды, деп хабарлайды Toppress.kz.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етуде. Отырысты ашқан Д.Назарбаев бүгінгі әлемде орын алған экстремизм-терроризмнің салдарынан туындаған зорлық-зомбылық әрекеттер әлі күнге күн тәртібінен түспей келе жатқанын айтты. 

  • Осы жылдар ішінде экстремистер шабуыл жасамаған діни бірлестік жоқ. Біз бүгінгі күні мұндай зорлық әркеттердің қоғамға іріткі салуға арналып отырғанын сенімді түрде айта аламыз. Жер шарындағы барша бейбіт тұрғындардың амандығы үшін адамзаттың бірігуі жағдайды оң өзгеруіне ықпал ететініне сенім білдірімен. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік мәселесіне адамдардың төзімділік пен силастыққа тәрбиелеуге үлес қосты деп санаймын. Съездің алғашқы декларациясың өзінде қатысушылар діни ерекшіліктерді өшпенділіктің құралы ретінде пайдалануға жол бермеу керектігін назарға алған болатын. Адам баласын діндер мен мәдениеттердің жаһандық қақтығыстарынан қорғауға дайын екенін, сондай-ақ төзімділік, шындық, әділдік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды кез-келген уағыздың негізгі мақсаты ретінде ілгерілету туралы мәлімдеді. Бүгін 2018 жылғы маусымдағы Дәстүрлі діндер лидирлерінің қабылдаған деклорациясында әскери жанжалдардың қақтығыстарды тоқтатуға, бітіпгершілік жариялауға, келісімдер арқылы зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға, бейбіт өмір сүріп жатқан азаматтарды қорғауға, барлық қарама-қайшылықтарды бейбіт түрде шешуге шақыру қағидаттардың барын еске салған орынды деп санаймын. Осы қағидатты негізге ала отырып, ҚР Тұғыш Президенті Н.Назарбаев 2017 жылы Қазақстан Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі бейбіт келісімді Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы бастама көтерді. Осы тарихи кездесуден ғана қақтығыстар жіби бастады. Қазақстанның көрсетіп отырған үлгісімен әлемдік діни және саяси съез деклорациясының бағытын жер-жерде ұстануы қақтығыстар орын алған аймақта шилеленісті төмендетуге, өркениеттерді жақынжастыруға және баршамыздың ортақ үйіміз – планетамызды бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға айтарлықтай ықпал ететініне кәміл сенемін,-деді Д.Назарбаева.  Оның айтуынша, әрбір діни бірлестіктің алдында сан ғасырлық жинақталған тәжірбиесі мен бітімгершілік мақсаттарға пайдалану міндеті тұр. Бейбітшілік пен келісім сарайы ашықтықтың символы ретінде көпжақты ашық диалог орнататын кездесулерге арналғанын да назарға алды.
  • Біздің алдымызда 2021 жылға жоспарланған алдағы әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің 7-ші отырысында күн тәртібінде қаралатын негізгі тақырыптарды анықтау және оны өткізудің жауапты жұмыс күтіп тұр,-деген Д.Назарбаева нәтижелі келіссөз жүргізілетініне сенім білдірді.

Жиында сөз алған  Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс хатшысы, дін қызметшісі, Димитрий Сафонов Қазақстан діни бірлестіктер үшін ортақ алаңға айналғанын айтты.

  • Соңғы екі жылдың ішінде Сириядағы қақтығыстарды реттеуде Қазақстанның қосқан үлесін ерекше атап өту керек. Мен 6-шы съездің қатысушысы ретінде әртүрлі діни өкілдермен байланыс орнатуға мүмкіндік туып отырғанын айтқым келеді. Бүгінгі уақытта діни өкілдер бір-біріне кемсітушілік, кемшіліктер табу сынды әрекеттерден аулақ болуы тиіс. Десе де, бұндай жағдайлар кездесіп жататынын жоққа шығара алмаймыз. Мысалы, Таяу Шығыста, Африкада, Оңтүстік Сахарада християндарды кемсіту,  қорлау әрекеттері кездеседі. Тіпті, тұратын баспаналарын жағып жіберу әрекеттері де бар. Осындай қатерлер мен қыр көрсетулер жауапсыз қалмауы керек деп ойлаймын. Бүгінгі талқыланып жатқан ізгі ниетті идеяларды көпшілікке таратуымз керек. Күні кеше талқыланған жұмыс тобында алдағы съезде осындай тақырыпты талдау керектігін ұсындық. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлем діндерінің жұмысына да көңіл бөліп келеді. Сондықтан да Қазақстан әлем діндерінде орын алған мәселелерді, сындарлы пікірлері ашық әрі оңтайлы айтуға бағытталған алаңға айналғанын айтқым келеді. Жасыратыны жоқ діни қақтығыстарды шешуге бағытталған алаңдар күн санап азайып, өз өзектілін жоғалтып отыр,-деді Д.Сафонов. 

Келесі кезекте Сауд Арабиясы Корольдігінен келген Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілі, Көмек көрсету, күтімге алу және даму мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымының Бас хатшысы Әбдулазиз Ахмад Сархан бүгінгі отырыста діндердің ынтымақтастық көкжиегі кеңейе түсетінін жеткізді.

  • Мейірімді Алланың атымен өз сөзімді бастайын. Бейбітшілікті және адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, мемлекеттердің бір ниетте өмір сүруі үшін өзіміздің ізгі жұмыстарымызды одан әрі қарай жалғастырудамыз. Біздің баршамызды біріктіретін ортақ үйміз бұл – Жер шары. Бүгінгі бастама үлкен жұмыстың басы. Негізгі мақсатымыз әлемде кездесіп жатқан түрлі діни қақтығыстарды еңсеру болмақ. Дініи қақтығыстар мен қауіп-қатерлер сол елде тұрып жатқан адамдардың тыныштығын бұзып, берекесін кетереді. Осыдан төрт ай бұрын Дүниежүзілік ислам лигасы Меккеде конференция өткізіп, онда 1200 дей ислам дінің өкілдері 195 мемлекеттен келген болатын. Оған әртүрлі қоғам қауымдастығынан, мазхабтар, ғалымдар мен муфтилар қатысты. Бұл конференция деклорация қабылдаумен аяқталды. Бұл құжат аса маңызды үндеу болды. Бүкіл әлемде мұсылмандарға тарихи конституциямыз ретінде қарастырылып, әлемде бейбітшілікті сақтау, адамдардың бір-бірінің өміріне зиянын тигізбеу, тероризмге қарсы тұру және төтеп беру мәселелері қаралды. Аталған деклорацияда мұсылмандар әлемнің бір бөлшегі ретінде танылып, адамзат өзінің түп танымырын тануға, ой еркіндігін тану сынды ізгі бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы біздің мұсылман дінімізге қате пікірлер айтылып, күйе жағылса оның қате екенін айтуға мүмкіндік береді. Өйткені мұсылман діні саяси қысымдардың құрбаны болмауы тиіс. Бұл дегеніміз ислам дініне деген қорқыныш қалыптасуна мүмкіндік бермеу. Өйткені бұл ислам дінінің бұрмалаушылық болып табылады. Біздің дінімізде зұлымдықпен күрес негіз ретінде танылған. Сондықтан күш жігерімізді сала отырып, бірге күресуміз керек. Бұған қоса, басқа да діндерді кемшітушілікке жол берілмеуі тиіс. Диалогты бейтіб өмір сұрудің құралы ретінде және адамдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетін қарым-қатынас болуы тиіс. Идеологиялық тұрғыда адамзаттың терроризммен күресудегі бірлесе жұмыс жасауға тиіспіз. Қазақстанда түрлі конфессияаралық діндердің бейбіт өмір сүріп отырғанын көреміз. Бұл елдің тұрақталығы мен бейбітшілікке жұмылғанының көрінісі. Қазақстанның діни көзқарасы саяси-экономикалық әрекеттерден ада екенінің көрінісі,-деді Әбдулазиз Ахмад Сархан.

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist