Қызылорда облысы, Арал ауданында Зейнолла Шүкіров атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев, Лаура Ибраимова қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үміткерлер «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты.
Бірінші кезекте әлеуметтік жобалар жалғасын табады. Сумен жабдықтау және газ мәселелерін шешу үшін 2023 жылы Сырдария топтық сутартқышына Арал ауданының Абай, Тоқабай, Ақбасты ауылдарын қосу жоспарланып отыр. 18 ауылда сумен жабдықтау жүйесі жақсарады, оның ішінде, Арал ауданының Көктем, Аққұлақ, Күршек, Құланды елді мекендері бар. Облыстың 19 елді мекенін Арал ауданының Сексеуіл кенті, Шижаға, Қамыстыбас кентін газбен қамтамасыз ету қолға алынбақ. Сондай-ақ, Арал ауданының Қамыстыбас көлінің жағалауында жағажай туризмін дамытуға 100 демалыс үйін салуды мақсат етіп отырмыз. Бұдан бөлек, аудандағы 10 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жоспарланған,- деді «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев.
Ал, Лаура Ибраимова «Nur Otan» партиясы өңірдің ең өзекті проблемаларының бірі Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылатынын айтып тұрғындарды қуанытты.
Үміткерлер тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздің жетекші партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Қызылорда










