• Последние

«Астана Опера» Красноярскте «Евгений Онегин» операсының бірегей қойылымын ұсынбақ

30.09.2019

⁨⁨Жаңа адамдар и Дала Қырандары договорились о намерении совместно выстраивать молодёжное крыло партии Әділет

16.07.2026

Эксперты: высокая явка на выборах укрепит легитимность нового Курултая

16.07.2026

Свидетель по делу Freedom опровергла версию о спланированной пиар-атаке через КазТАГ

16.07.2026

Кто действительно лидер в образовании Центральной Азии: цифры против рейтингов

16.07.2026

Политолог Айгуль Садвакасова назвала главную задачу будущего Курултая

16.07.2026

«Таза жағалау – таза мекен»: молодежь ВКО очистила берег Дубыгалинского озера

16.07.2026

В тестировании основного ЕНТ приняли участие более 200 тысяч абитуриентов

16.07.2026

В резервате «Семей орманы» горит сосновый бор: к тушению привлечена авиация Минобороны и КНБ

16.07.2026

Житель дома обнаружил тело младенца, когда чистил канализацию в Астане

16.07.2026

Убийство 11-летней девочки: подозреваемый ранее был отпущен полицией по аналогичному делу

16.07.2026

ЦИК РК зарегистрировал партийный список «Respublica» на выборы в Курултай

16.07.2026

Получение грин-карты США может обойтись в залог до 100 тысяч долларов

16.07.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/16/21:20
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Астана Опера» Красноярскте «Евгений Онегин» операсының бірегей қойылымын ұсынбақ

by Toppress.kz
2019/09/30 13:15
A A

"Астана Опера" театры Дмитрий Хворостовскийдің бірінші халықаралық фестиваліне қатыспақшы, аталмыш шара әйгілі әншінің мәдени мұрасын сақтауға әрі қолдауға бағытталған. Қазанның 23 және 25 күндері Д.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрында қазақстандық әртістер П.Чайковскийдің "Евгений Онегин" опералық жауһарының ғаламат қойылымын сахналайды, ал 24 қазанда Красноярск өлкелік филармониясының Үлкен концерттік залында көрермен назарына қызықты да тартымды симфониялық бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды Toppress.kz "Астана Опера" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Театр репертуарына "Евгений Онегин" операсы жақында ғана енді, алайда көрермен қауымның сүйікті қойылымына айналып үлгерді. Әрине, таң қалатын жайт емес, себебі лирикалық кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін нәзік әрі дәл бейнелейтін П.Чайковскийдің кемеңгер музыкасы бір жарым ғасыр бойы тыңдаушылардың жүрек қылын тербетіп келеді. Қойылым тобының құрамын "Астана Опера" театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев бастады. Спектакльдің музыкалық жетекшісі әлемнің әр бұрышында, соның ішінде Ресейдің Үлкен театрында, Тель-Авивтегі гастрольде осынау операға қаншама рет дирижерлік етті, келер жылы Хельсинкидегі Финн ұлттық опера театрында аталмыш операға дирижерлік етпек.

Ұлы әнші Дмитрий Хворостовскийге арналған фестивальге шақырғаны көңіл қуантады. Біз "Евгений Онегин" операсының жаңа қойылымын ұсынамыз, бұл – қызықты, көріністі, символикалық спектакль. Дмитрий Хворостовский П.Чайковскийдің жауһар туындысында әлемнің үздік сахналарында басты партияны орындаған, оның интерпретациялауындағы бейнені үлгілі деп атауға болады, біздің баритондар үшін рөлдің өзіндік қыр-сырын жеткізу үлкен мәртебе. Атақты вокалистің туған қаласы, сүйікті тыңдармандары бар Красноярскте өнер көрсету де труппа үшін айтулы оқиға болмақ. Гастрольдік бағдарламаға сонымен қатар симфониялық концерт те енді. "Астана Опера" ұжымы үшін шетелде қазақ классикалық музыкасын дәріптеу аса маңызды, сондықтан красноярлық тыңдармандарды ХХ ғасырдағы қазақстандық сазгерлердің керемет туындыларымен таныстырмақшымыз, — деп атап өтті маэстро Алан Бөрібаев.

Көрнекті композитор паритурасында шарықтаған, пушкиндік Татьяна сезімінің асқақтығынан және ақынжанды жан-дүниесінен шабыт алған қоюшы режиссер Давиде Ливермор П.Чайковский   операсының  өзіндік  айрықша түсінігін ұсынады. Қоюшы сценограф – Франческо Калканини. Костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов. Хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы хореограф – Елена Шерстнева, жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони, жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре.

Басты партияларды "Астана Опера" театрының жетекші солистері орындайды: Татьяна – Айгүл Ниязова, Галина Чеплакова, Евгений Онегин – Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин. Владимир Ленский – Медет Чотабаев, Жан Тапин, Ольга – Татьяна Вицинская, Дина Хамзина, Князь Гремин – Барсег Туманян, Евгений Чайников. Ларина – Гүлжанат Сапақова, Маргарита Дворецкая, Күтуші – Салтанат Мұратбекова, Трике – Рамзат Балакишиев, Бейімбет Таңарыков, Зарецкий – Жанат Шыбықбаев, Ержан Саипов, Рота бастығы – Шыңғыс Расылхан, Мағжан Аманжолов.

"Астана Опера"   симфониялық оркестрі және хоры опералық спектакльге қатысып қана қоймай, фестивальде тартымды симфониялық бағдарлама ұсынады. Музыканттардың шебер орындауында қазақстандық классиктер мен заманауи авторлардың, соның ішінде Еркеғали Рахмадиевтың "Мерекелік кантатасы", Тілес Қажығалиевтың "Қыз қуу" аспаптық туындылары, Ақтоты Райымқұлованың "Аспан көші" балетінен адажио, сондай-ақ шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалады.

Ғазиза Жұбанованың Скрипка мен оркестрге арналған концерті, III бөлімін  П.Чайковский атындағы X Халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаты жас скрипкашы Ақбике Алғи ұсынады. Красноярск тұрғындары мен қонақтары сондай-ақ қазақ халық аспаптарының әуенінен ләззат ала алады, солистер Руслан Баймурзин (домбыра), Саджана Мурзалиева (қобыз) Төлеген Мұхамеджановтың  "Туған жер" туындысының тамаша талдауын ұсынады. Рахат-Би Абдысагинның "Өмірге құштарлық" және Людвиг ван Бетховеннің Фортепиано мен оркестрге арналған № 5 концерті, ми-бемоль мажор, ор.73 туындысын оркестр музыканттары пианист Лев Винокурмен (Ресей-Германия) бірге әріптестікте орындайды. Кеш Александр Бородиннің "Князь Игорь" операсынан "Қыпшақ билері" нөмірімен аяқталады.

Сөзсіз, "Астана Опера" театрының Красноярсктегі гастролі Қазақстан мен Ресей арасындағы  мәдени байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Гастроль "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің көмегімен өтеді.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.