Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Байтанаев Амантай Алтынбекұлы мен Наршабеков Бекайдар Жомартұлы Қожатоғай елді мекеніндегі тұрғындармен кездесті.
Ауылдың тыныс-тіршілігімен таныс болған кандидаттар ауылдағы барлық өзекті мәселелерді “Nur Otan” партиясы алдағы 5 жылда түбегейлі шешетінін айтты.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылға Арыс қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімін 6%-ға арттырамыз, – деді партия өкілдері.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 3000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын, 4000 га жаңбырлатып суару тәсілімен мал азық өнімдерін өндіру жобасын іске асырып, 150 адамға жұмыс орынын ашуға уәде береді. Сондай-ақ «Индустриялды-Инновациялық даму» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық тауарларын тереңдетіп өңдейтін зауытты іске қосып, 150 адамға жұмыс орнын ашады.
Бұдан бөлек партия 2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған Қожатоғай ауылдық округінен «KazGrеenTekSolar» ЖШС-ның жалпы құны 7,0 млрд. теңгені құрайтын, жылына 14 мВт күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станциясына қосымша қуаттылығын арттыру мақсатында жылына 5 мВт электр энергия өндіретін станцияны іске қосуға, жылыжайдың көлемін 5,0 га дейін ұлғайтуға және Арыс қаласының кәріз тазалау станциясын іске қосуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 425 жаңа жұмыс орны ашылып, жалақы 165 мың теңгеге дейін өсетінін және жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендейтінін жеткізді үміткерлер.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласының сайлау қорынан төленді.