• Последние

«Қазақ екенімді мақтан тұтамын»: Димаштың Мәскеудегі екінші концерті де дүркіреп өтті

24.03.2019

Какая погода ждет казахстанцев 1–3 августа: синоптики дали прогноз

31.07.2026

Мужчина ошибочно отсидел почти 2 года в тюрьме из-за ошибки полиции в имени мессенджера

31.07.2026

Тысячи мигрантов из Марокко прорвались в Сеуту: Испания усилила анклав военными

31.07.2026
Фото: Акорда

Токаев посетит Кыргызстан для участия в встрече лидеров стран Центральной Азии

31.07.2026

BTS бойкотируют «Грэмми»: группа не будет подавать музыку на премию

31.07.2026
Фото: Oblgazeta.ru

Известного ученого избили до смерти из-за замечания детям не портить поля

31.07.2026

Материлась в TikTok эфире и говорила о наркотиках: девушку арестовали на 10 суток

31.07.2026

Оскорбил пророка Мухаммеда: жителя Петропавловска отправили в колонию на шесть лет

31.07.2026

Минэкологии может спровоцировать рост цен на социально значимые продукты

31.07.2026

Мужчину зарезали после встречи с односельчанами в Туркестанской области

31.07.2026
Businesswomen magnifier glass to find stock in stock markets, uptrends, growth economics, business strategy development, and investment opportunities, Investment Management Company, Financial Analyst.

В Акмолинской области отменили незаконную проверку инвестпроекта на 5,8 млрд тенге

31.07.2026

Группа «Казахмыс» реализует масштабную программу модернизации на заводе в Балхаше

31.07.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/31/13:45
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Қазақ екенімді мақтан тұтамын»: Димаштың Мәскеудегі екінші концерті де дүркіреп өтті

by Toppress.kz
2019/03/24 22:25
A A

Димаш Құдайбергеннің Кремль сахнасындағы екінші жеке концерті де аншлагпен өтті, деп хабарлайды Toppress.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасау арқылы.

Димаштың Мәскеудегі бірінші концерті қалай дүркіреп өтсе, екіншісі де жоғары деңгейде болды. Ресейдің бас сахнасы – Кремльдің алты мың орындық үлкен залы көрермендерге лық толды. Димаштың 56 елден келген фанаттарынан бөлек, Ресейдің түкпір-түкпірінен өнерсүйер қауым көптің аузында жүрген қазақ әншісін тыңдауға келген.

Концерт үзіліссіз екі жарым сағатқа созылды.  Димаш кеш барысында қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерінде ән шырқады. Тіпті "Screaming" әнімен концертті бастаған кезде қазақша рэп орындап, жұртты таңғалдырды. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра" деген сөзді жиі айтып жүретін әнші домбыраны күмбірлетіп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленгені тағы рас.  

Концертте көпшіліктің сүйікті әндерімен қатар, жаңа туындылар шырқалды. Жиналған қауым әрбір әннен кейін Димашқа қол шапалақтап, қошемет көрсетуге тырысып бақты. Әсіресе, "S.O.S", "Дайдидау", "Грешная страсть" әндері жұртшылықты ерекше тәнті етті. Димаш та кеш бойы тыңдармандарына рақмет айтудан бір шаршаған жоқ. Жиналғандармен әңгіме барысында ата-анасына, ұстаздарына және қазақ халқына шексіз алғысын білдірді.

Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан тұтамын!, — деді Димаш үлкен сахнадан.

Сондай-ақ әнші бауырлас орыс халқына ілтипатын жеткізе отырып, "екі халықтың достығы мәңгіге жалғасады деген үміттемін" деді.

Көрермендер Димаш пен танымал композитор Игорь Крутой екеуінің өнерін асыға күтті. Бекер емес, олар ұсынған жаңа әндер жүрекке жеткені анық. Ал "Любовь уставших лебедей" әнін бүкіл залдың қосыла шырқағаны айрықша әсерлі болды.

Димаштың Кремль сарайында өнер көрсетуі шын мәнінде үлкен оқиға. Алда көп концерт, бағдарлама бар, бірақ бұл концерт оның өмірінде, көрермендердің өмірінде бірінші болып қалады. Өте талантты әнші Димашқа ән жазу мен үшін үлкен құрмет. Оның жаңа бағдарламаларын, жаңа әндерін бүкіл әлем күтетініне мен сенімдімін, — деді Игорь Крутой.

Концерт соңында Димаш сахнадан түсіп, көрермендердің арасына барды. Бүкіл зал орындарынан тік тұрып, ерекше дауыс иесінен ыстық ықылас, құрмет пен қошеметін, құшақ-құшақ гүлін аямады.

Димаш Құдайбергеннің екінші концертінен жұрт "Керемет! 2,5 сағат бойы жалғыз өзі жанды дауыспен айтып шықты", "Жанкүйерлері жан-жақтан "Димаш" деп айғайлап жатқан кезде, өзімнің оларға қалай қосылып кеткенімді білмей қалдым", "Көрермендердің ықыласы керемет болды. Мұндайды біздің әншілердің ешқайсысының концертінен көрген жоқпын", "Мәскеуді мойындатты" деген сөздермен тарқасты.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.