• Последние

Қазақстан элитасының сапасы қандай

2020/12/14 14:45
Фото коллаж

19-летняя девушка устроила ДТП на экзамене в спецЦОНе Караганды

2026/06/19 11:43

Свыше 2,8 млн зрителей: театры Казахстана подводят итоги сезона и готовят новинки июня

2026/06/19 11:30
Кадр видеокамеры

Паника и стрельба:17-летний подросток открыл огонь по людям в центре Нью-Йорка

2026/06/19 11:24

Нужно отработать 40 лет: предложены новые требования для выхода на пенсию

2026/06/19 10:58

В Минтруда вводят новые жесткие правила из-за случая «матери-курьера» с ребенком

2026/06/19 10:44

Область Улытау опередила Астану, Алматы и ряд нефтяных регионов по уровню зарплат

2026/06/19 10:17

В Шымкенте накануне для города открыли дом культуры, аллею цветов и новый парк

2026/06/18 20:26

Не для опасных преступников – депутат раскрыла критерии уголовной амнистии

2026/06/18 19:06

Бектенов в Санкт-Петербурге: Казахстан закрепил преемственность Великой степи в новой Конституции

2026/06/18 17:09

Как поступить в резидентуру по-новому? Минздрав запускает цифровую платформу на фоне дефицита врачей

2026/06/18 16:13

Транспортный узел Евразии: Казахстан и Иран готовят коридор на 20 миллионов тонн грузов

2026/06/18 15:58

Казахмыс обновляет технику для повышения безопасности и надежности производства

2026/06/18 15:23
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/19/11:54
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қазақстан элитасының сапасы қандай

by Toppress.kz
2020/12/14 14:45
in Казахстан, Общество
A A

Қазақстан элитасының сапасы қандай?

Швейцария университетінің зерттеушілері әлемнің 32 елінің элиталары сапасыныңиндексін анықтаған.

Бұл рейтингте бірінші орынды Сингапур иеленіпті. Ал рейтинг авторларының еліШвейцария екінші орында тұрақтаған. Бұдан кейінгі орындарда Германия, Ұлыбритания және АҚШ тұр. Ал Франция (15-ші орын), Италия (17-ші) жәнеИспанияны (18-ші) секілді Еуропа елдерін артқа тастаған Қытай 12-ші орындатұрақтаған.

Қазақстан бұл рейтингте 19-шы  орында жайғасыпты.

Айта кету керек, бұл рейтинг алғаш рет құрастырылып отыр. Авторлар құндылықтардыжасауды/иемденіп алуды сипаттайтын 72 индикаторды пайдаланған.

Авторлардың айтуынша, элитаның сапасы дегеніміз – талдамалық негіздеме. Оләлемнің және оның келешегін түсіндіру және трансформациялауға  бағытталғанэкономикалық және басқару теорияларына негізделген.

Бұл зерттеуде элитаны қоғамның адами, қаржылай және басқа да капитал түрлерісекілді шешуші ресурстарын үйлестірудің әсіре қабілетіне ие лидерлер ретінде айқындаған көрінеді.

Рационалды экономикалық агенттер ретінде элиталар өз дарынын, байлығы менүйлестіру қабілеттерін пайдалана отырып, өздерінің әл-ауқатын барынша арттыруғаталпынады.

Осылайша, элита дегеніміз барынша байи түсу мақсатымен бизнес-модельдердіжүзеге асыратын ел ішіндегі ат төбеліндей топтар.

Айта кету керек, байлық жинау шеңберінде элиталар екі бизнес-модельдің бірін: неқұндылық жасауды, не құндылықтарды иемденіп (басып) алуды таңдайды (рентағаұмтылады).

Рента дегеніміз – орынсыз артықшылық  алу арқылы қолға келген сыйлықақы. Рентағаұмтылу элитаға пайдалы болғанымен, ресурстардың әділетсіз бөлінісі салдарынанәлеуметтік зардаптарға алып келеді.

«Құндылық ≠ Рента» концепциясы антагонист, тиынның екі қыры іспетті.

Индекс авторларының пайымдауынша, «Құндылық ≠ Рента» дегеніміз бизнес-модельдердің екі спектрі,таяқтың екі ұшындай.

Яғни, жоғары сапалы элита көбінесе құндылық жасауға бағытталған бизнес-модельдітаңдаса, сапасыз элита құндылықтарды барынша басып алуға құштар болып келеді.

Микродеңгейдегі мұндай таңдау  макро деңгейде, яғни  тұтас ел экономикасына әсерін тигізеді. Екінші жағынан, рента іздеу  дегеніміз — сапасыз элитаның элита санатына кірмейтіндердің есебінен майшелпектің(экономиканың) өздеріне тиесілі бөлігін ұлғайта түсетін құралы. Бұл бизнес-модельдер монополияға және белгілі бір субсидияларға, сауда тарифтеріне және басқа да преференцияларға негізделген кезде болады. Элита сонымен қатар пайда табу емес, құндылық жасайтын бизнес-модельді де таңдай алады. Зерттеу авторлары элита деп өз дәулетін арттыру және сол арқылы өз елін сапалы түрде байыту үшін бүкіл майшелпектің өсуіне күш салатындарды атайды. Яғни, жоғары сапалы элита қара басының қамын ғана ойламайды, тек өз майшелпегінің ғана емес, жалпы елдің майшелпегінің өсуінен мүдделі болады.

Сонымен, индекс авторлары мынадай ескерту жасап отыр:

  1. Элитаның сапасы дағдарыс кезінде бірінші кезекте білінеді.
  2. Ел басына күн туғанда басы бірікпейтін, бірін-бірі үйлестіре алмайтын элита дағдарысқа төтеп бере алмайды, ұлт өркендеу мен инновациядан, сәттіліктенүміттене алмайды.
  3. Құндылықтың бәрін қарпып қалу үшін жанталаса жабысу, сайып келгенде, тоқырауға, ал төтенше жағдайда елдің әлеуметтік ыдырауына алып келеді.
  4. Экономикалық және әлеуметтік аласапыран кезеңдерде экономикалықмайшелпекті көлемі сөзсіз қысқарады. Элиталар ондайда өздерінің бизнес-модельдерін қайта қарастыруы керек, ал олардың өздерінің билік қуатын, ықпалы мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы құндылық жасауға яки құндылықты басып алуға бағытталған шығындардың қайсысын екі есе арттырукеректігі туралы шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады.
  5. Сапалы элитасы бар ел дағдарысты әлеуметтік шығындардың ең азмөлшерімен, аз құлдыраумен жеңеді.
  6. Дағдарыс кезінде құндылықты барынша басып алу бизнес-моделін пайдаланужағдайды одан сайын шиеленістіреді, өйткені элитаныңқұрамынакірмейтіндердің табысы пропорционалды түрде азаяды.
  7. Оқымысты, жоғары білімді және бәсекеге қабілетті элита құндылықтар жасайтын бизнес-модельдерге көбірек ақша салып, өз таңдауларын түсіндіру үшін нарратив қалыптастырады.

Қазақстанға келетін болсақ, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер арта түскенінеқарамастан, елдің байлығы өспегені көп жайтты аңғартса керек.

2014 жылы мұнай бағасы арзандаған кезде Ұлттық қор ең жоғарғы деңгейге – 77 миллиард долларға жетті.

ЖІӨ-мен, яғни бүкіл экономиканың жиынтық кірісімен салыстырғанда, қор бүкілэкономиканың шамамен 35%ын құрады. 2019 жылы Ұлттық қордың қаражаты 61 миллиард долларға дейін төмендеді. Бұл 15 миллиард доллардан астам құлдырау. Дегенмен, Ұлттық қордың ЖІӨ-ге қатынасы да 34-35% деңгейінде қалады. Яғни, осы деректер біздің ақша жұмсағанымызды, экономиканы ынталандырғанымызды, көмектескенімізді көрсетеді. Бірақ осы ынталандыру шараларынан ешқандай нәтижеболмады. Қордағы шығындар жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына айнала алмады.

Яғни, элиталық майшелпектіңбөлігі өскенімен, елдің жалпы майшелпегі  (байлығы) өскен жоқ. Ал элитаға жатпайтындардың үлесіне тиетін бөлігі үнемі азайып келеді.

Мұндай элитаны сапалы деп санай аламыз ба? Бар үміт ескінің орнын басатын жаңаэлитада.

Тұңғыш президент-Елбасы қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Сала менеджерлеріндаярлау» бағдарламасының «Ел үміті» жобасының қатысушыларын Қазақстанныңболашақ элитасы деп атап жүр.

Осыған байланысты мен жоба қатысушылары арасында сауалнама жүргізіп, тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ қойдым:

  1. Болашақ қазақстандық элита қандай болуы керек деп ойлайсыз? Оның алдыңғы буынэлитадан айырмашылығы неде?
  2. Егер сіз үкіметке келсеңіз, алдымен нені өзгертер едіңіз?

Айбар Олжаев («Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы байланысқызметінің бас менеджері):

  1. Болашақ қазақстандық элита адал болуы керек. Өзіне адал, өзгелердің алдында адал. Мемлекет басшыларының өз еліне, өз халқына адалдығы мен берілгендігі ғанаҚазақстанға сәттілік әкеледі. Ол алдыңғы ұрпақтан еуропалық ойлаумен ерекшеленуікерек: сыбайластықты, трайбализм мен непотизмді, туыстықты қабылдамау. Ол білімдіжәне нәтижеге бағдарланған болуы керек.
  2. Мен өлім жазасын енгізіп, 75 адамның рейтингін құру арқылы асқан жемқорларды атып, сыбайластық пен тиімсіздікке қарсы аяусыз соғыс жариялап, жермен жұмысжасағысы келетіндердің барлығына жер, трактор және қоймаларды бәріне тегін беріп, Қазақстанды ауылшаруашылығы державасына айналдырар едім.

Ақбота Ақзамбекқызы («Жоба менеджерлерінің одағы» ЗТБ сертификаттауорталығының директоры):

  1. Болашақ элита өздерінің қара бастарының қамына бағытталған саясатты тықпалап, коммерциялық мүдделеріне лобби жасамай, ақылдарын азаматтардың әл-ауқатынабағыттап жұмыс істей алуы керек. Бұл элита қазірдің өзінде үкіметте осылай жұмысістейтіндердің тірегі және қолдаушысы болуы керек, өйткені қазір ол жерде өте лайықтыадамдар көп.

Біріншіден, мен проблемаларды анықтаудан бастар едім, өйткені олар әрдайым айқынкөріне бермейді; кейде ұсақ бөлшектер бүкіл механизмнің жұмысын баяулатуымүмкін. Бірақ басты мақсат – мемлекеттің шынайы мақсаттарын қолдау және нығайту, мен ондай адамдар көп екенін білемін және соған сенемін.

Бапахова Аида («ECO Network» ЖШС Нұр–Сұлтан қаласы бойыншадиректоры):

  1. Менің ойымша, болашақ қазақ элитасы отаншыл, жоғары білімді және әрқашан қазақтілі мен мәдениетін жақсы білуі керек. Оларға, әрине, біздің буынның қолдауы керек.

Мен Қазақстан элитасының жаңа буыны табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудасаналы болады және экологиялық ұстанымға және заманауи технологияларға иеболады, сонымен қатар әлемге ашық болады және әлемнің жағдайын түсінуге қабілеттіболады деп сенемін.

  1. Егер мен үкіметке келсем, бірінші кезекте кері байланысты арттыру арқылыадамдардың үкіметке деген сенімін арттырған болар едім. Адамдардың өздері елдіңдамуына толықтай қатыса алатындай мүмкіндік тудыру үшін адамдардың пікірінешынымен құлақ асу мүмкіндігін тудыру қажет.

Сондай-ақ, кез-келген мемлекеттің одан әрі өркендеуі үшін жастарға инвестиция салуқажет. Біздің мемлекет гранттар мен шәкіртақылар бөле отырып, бұған айтарлықтайназар аударып отырғаны өте қуанышты. Біз бұл ағымды сақтап қана қоймай, жергіліктіжоғары оқу орындарын дамытып, елдің ғылыми әлеуетін арттыруымыз қажет. Алайда, теорияның өзі жеткіліксіз екенін, сонымен қатар ғалымдар мен зерттеушілердіңөндірістік кәсіпорындармен және ауыл шаруашылығымен интеграциясынұйымдастыру қажет екенін ұмытпаған жөн.

Қоршаған ортаның қазіргі жағдайын ескере отырып, ресурстарды ұқыпты тұтынутуралы хабардарлықты қалыптастыру үшін қоғамға экологиялық мәдениеттідамытудыңмаңызын атап өту қажет. Мен біздің елдің Арал теңізінің кеуіп кетуіне ұқсаснемесе одан да жаман қайғылы жағдайды қайта бастан өткергенін қаламаймын. Сондықтан, кәсіпорындар құру кезінде осы өндірістің аймақтың дамуына да, оныңэкологиялық әсеріне де баса назар аудару қажет.

Осылайша, идеялар мен ұсыныстар өте көп, ең алдымен нені өзгерткің келетінін бірдентап басып айту қиын. Десе де, кез-келген мемлекет немесе ел – бұл кез-келген бөлшегібасқаларымен тығыз байланыста болатын біртұтас организм, демек, көзқарас кешендіәрі үйлесімді болуы керек.

Асанова Жазира («Елбасы академиясы» ҚҚ балалар мен жастарды дамытужобаларының үйлестірушісі):

Шынымды айтсам, маған «элита» сөзі ұнамайды, мен үшін «басқарушылар» көбірекұнайды. Ең маңызды сапасы – бұл адалдық, оның ішінде академиялық адалдық. Адалжұмыс. Жауапкершілік. Мұны мәжбүрлеу арқылы жасамау керек, бұл «өзгерту, жақсарту» деген шын ниеттен туындауы тиіс.

Менің ойымша, басты айырмашылық – жылдам жеңістерімен емес, стратегиялықойлау, ұзақ мерзімді мақсаттарға басымдық беру қабілетіне байланысты.

Басқарушылар көбінесе бастаған ісін аяқтамай, келіп-кетіп жатады. Бірақ сіз алғақойған мақсаттар мен міндеттерді одан әрі әркім жалғастыра алатындай етіп қоюыңызкерек, қандай да бір сабақтастық болуы керек. Тағы бір санат бар, олар өздерін бағалатуүшін келеді, лауазымдық баспалдақта жоғарылап алған соң әрі қарай басталғанжобаларға жауап бермейді, кетіп қалады. Әріқарай оларға қатыспайды. Қарапайымтілмен айтқанда, бұрынғы жауапкершіліктерінен құлан-таза босап шығып, тайыпотырады. Мен жауапкершілік аясын өзгертер едім, белгілі бір бағыныштылық барекені түсінікті, бірақ әр адам кейіннен жазаланудан қорықпай, өз көзқарасын ашықайтуға мүмкіндігі болмаса, біз ешқашан халық үніне құлақ асатын мемлекет болаалмаймыз деп ойлаймын.

Ырысгүл Сұлтан («Upside agency» ЖК басшысы):

Біріншіден, мен жобаның қатысушысы бола отырып, өзімді элита депсанамайтынымды айтқым келеді. Элита – бұл мен үшін қол жетпейтін, идеалдандырылған нәрсе, бірақ менің ойымша, біз оныңсенімді тірегіне, бас тірейтін«иығына» айналуымыз керек.

Біздің болашақта қандай болуымыз қазір кім екенімізге және не істеугеұмтылатындығымызға байланысты. Менің ойымша, біз бірінші кезекте өз саламыздыңдамуына әрдайым ұмтылатын кәсіби маман болуымыз керек. Екіншіден, біз елдегі және әлемдегі жағдайға қызығушылық танытып, уақыттың ағымын қақпай танитын болуымыз керек. Үшіншіден, біз өз жерімізді, халқымызды және тарихымыздықұрметтейтін, жан-тәнімен берілген адал жандар болуымыз керек. Біз оны күн сайын мақтауға міндетті емеспіз, бірақ оны сыйлауымыз керек.

Егер мен үкіметке келсем, мен не өзгертер едім? Ең алдымен жұмыс әдістерін өзгертередім. Уақыт үшін емес, нәтиже үшін жұмыс жасар едім. Есеп үшін емес, халық үшінжұмыс істер едім. Жобалық басқару әдістерін енгізіп, қызметкерлерді ел ішіне жіберіп, жұмыс кестесіне қатаң бағынуды және басқаруға тәуелділікті жояр едім. Мен kpi қойып, қызметкерлердің шығармашылығына көбірек еркіндік берер едім.

Автор: Жанбота Толеген

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
2
Share