• Последние

Бетховеннің мерейтойына орай «Астана Операда» балет дүниеге келді

13.01.2020

В тестировании основного ЕНТ приняли участие более 200 тысяч абитуриентов

16.07.2026

В резервате «Семей орманы» горит сосновый бор: к тушению привлечена авиация Минобороны и КНБ

16.07.2026

Житель дома обнаружил тело младенца, когда чистил канализацию в Астане

16.07.2026

Убийство 11-летней девочки: подозреваемый ранее был отпущен полицией по аналогичному делу

16.07.2026

ЦИК РК зарегистрировал партийный список «Respublica» на выборы в Курултай

16.07.2026

Получение грин-карты США может обойтись в залог до 100 тысяч долларов

16.07.2026

GAC, вошедший в портфель Allur, представил S7: новый гибрид казахстанской сборки

16.07.2026

Аргентина сыграет с Испанией в финале чемпионата мира

16.07.2026

Казахстан и Китай построят заводы по переработке мусора в энергию

16.07.2026
low angle view of male runners legs running down road wearing trainers

Новые стадионы и сотни площадок появятся в регионах Казахстана в ближайшие годы

16.07.2026

Право на смерть: Франция подписала один из самых спорных законов в своей истории

16.07.2026
кадры из видео

Избивали людей и заставляли брать кредиты: в Актобе задержали семерых вымогателей

16.07.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/16/16:34
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Бетховеннің мерейтойына орай «Астана Операда» балет дүниеге келді

by Toppress.kz
2020/01/13 16:38
A A

«Астана Опера» музыкалық кемеңгер Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде. «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетінің әлемдік премьерасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен танымал неміс хореографы Раймондо Ребектің қойылымында ақпанның 14-15 күндері орын алмақ. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, бас хормейстер – Ержан Дәуітов, деп хабарлайды Toppress.kz театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоюшы хореограф кемеңгер композитордың өмірі мен қызметіне тамсануда. Бетховен Раймондо Ребекті бала күнінде өнердің керемет шексіз әлеміне жетелеген алғашқы классикалық музыкант болған.

— Бұл балетте көрерменнің Бетховеннің өмір сүріп, қызмет жасаған сонау алыс дәуірін түсініп, қабылдауына не көмектеседі?

— Оның өмірі қиын да күрделі әрі сол мезетте ауқымды болған: ол 600-ден астам музыкалық туындыны өмірге әкелген. Көпшілікке қызықты болар оның өмірбаянының дұрыс сәттерін таңдау айтарлықтай қиын. Сондықтан мен оның жанұясынан бастауды жөн көріп, Бетховеннің бала күнінде алған білімін, оқуын көрсетпекшімін, сонымен қатар көрермендер оның композитор ретінде қалыптасуын, Венаның ақсүйектер ортасындағы тыныс-тіршілігін көретін болады. Бұл жағын ашуға Бетховеннің зиялы қауыммен, дворяндар табымен байланысы болғанын көрсететін Вена балының көрінісі ықпал етеді деп ойлаймын. Мені әртіс ретінде оның сырқаты – композитордың кәсібімен мүлде үйлеспейтін кереңдігі де толғандырды. Мен үшін бұл зағип хореограф болумен барабар. Сөйтіп біз балет кейіпкерлерінің бірі ретінде – Кереңдікті, онымен қатар екі басқа қаһарман – Махаббат пен Музыканы көре аламыз. Ал балетті сазгер музыкасының бүкіләлемдік, жалпы адамзаттық мәнін арқалаған №9 симфониясымен аяқтаймыз. Бетховен өз мансабын пианист ретінде бастап, кейін ғана композитор ретінде танылғанын атап өткен жөн. Осылайша, сахна жабдығы фортепианоның пернесі сияқты қара және ақ түсте болмақ. Дегенмен осы эстетика кейіпкерлердің костюмдерінде де орын алады, тек Махаббат қана қызыл киімде болады. Аталған түстер мен үшін уақыттан тыс, мәңгілік әрі ескірмейтін дүние болып көрінеді. Осы балетті 10 жылдан кейін көргенде, көрермендер: «Бұл заманға сай», – деп айтқандарын қалаймын. Түзу сызықтар – мәңгі әрі уақытқа бағынбайды, айналадағы астарлылықтан құтқарады. Қойылым Бетховеннің музыкасы сияқты барлығы үшін де әмбебап, ескірмейтін, заманға бағынбайтын болуы тиіс. 

— Сіздің балетіңіздегі кейіпкерлер – дерексіз фигуралар, олар қалайша физикалық мәнге ие болады?

— Маған көрермендердің қиялын қалықтатып, олардың көкейіне ой салған ұнайды. Мәселен, адамның жүзінен науқас екендігі көрініп тұрады, сырқаттың өзі де шамамен солай көрінуі мүмкін, осылай байланыстырып елестетулерден балеттерімнің қаһармандары дүниеге келеді. 

— Осы балеттің музыкалық негізін не құрайды?

— Бұл осы жұмыстың өте күрделі бөлігі болды: музыканы табу үшін айлар кетті. Мен балетті хор және солистер шырқайтын №9 симфониямен аяқтағым келді, алайда әртістер сахнаға тек кеш соңында ғана шығып қоймайтындай жасамақшы болдым. Мен оларға арнап туынды іздедім және «Салтанатты мессаны» таптым, Бетховеннің өзі «бұл оның ең үздік шығармаларының бірі» екенін айтқан, дәл осы туынды спектакльдің басында орындалады. Фортепианолық музыканы, әсіресе көңіл-күйді жеткізуге мүмкіндік беретін  фортепианоға арналған №5 сонатаны қатты жақсы көремін, бұл кез келген махаббат дуэтіне тамаша үйлеседі, сондай-ақ біз атақты «Ай сонатасын» да қостық. Осы балетте тек Бетховеннің музыкасы ғана емес. Л.Бетховен өмір сүрген уақытта В.А.Моцарт әлдеқашан танымал еді. Вена қоғамында оның музыкасын тыңдау сәнді болған. Мұны бүгінгі таңда барлық хит әуендер орындалатын клубқа барғаныңызбен салыстыруға болады. Веналық бал көрінісінде сондай-ақ В.А.Моцарт пен Гайднның музыкасы бар, себебі Й.Гайдн Л.Бетховеннің ұстаздарының бірі болған. Ол оған композитор ретінде үлкен әсер еткен. Дерт пен кереңдікті көрсету үшін неміс композиторы Дирк Хаубрихтың жаңа шығармаларын таңдап алдық, оның аранжировкасын оркестр орындамайды, ол жазбада шырқалады. 

— Осы балеттің хореографиясы қандай, оны орындау кезінде әртістерге қиындық туындай ма?

— Жұмыста пайдаланатын бірінші қағидам – әсемдік пен тарих. Әртістердің қимыл-қозғалысы осы балеттің мәнін түсінуге көмектесетін жағдай жасауы қажет, олардың міндеті – көңіл-күйді көрсету, сезімдерді жеткізу, дуэтте актерлік жағынан өзара әрекет ету. Бұл менің «Астана Опера» труппасымен жұмыс жасаудағы екінші тәжірибем болғандықтан, барлығы айтарлықтай тезірек өтуде, себебі әртістер мені, менің талаптарымды түсінеді. Қойылым өте ауқымды, қолымыздан бәрі келеді деп сенемін. Хореграфиясына келетін болсақ, негізінен мен классикалық балет элементтері бар заманауи хореографияны пайдаланамын.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.