• Последние

Дархан Кәлетаев Жастар жылы аясында қандай жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді

2019/02/18 11:44

От идеи до Акиры Ямаоки: как игра DarkSwitch заставила говорить о казахстанском геймдеве

2026/05/27 18:00

Грузовик насмерть сбил подростка на велосипеде в Астане

2026/05/27 17:34

Представители бизнеса и госорганов обсудили порядок применения системы СПОТ при взаимной торговле в ЕАЭС

2026/05/27 09:32

Опубликована статья Путина в преддверии его госвизита в Казахстан

2026/05/27 09:09

Слушания по проекту Алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности

2026/05/26 20:26

Е. Карин: за последние 8 лет количество ходатайств о выходе из казахстанского гражданства снизилось почти в 40 раз

2026/05/26 19:17
Concept of exchange rate, sanctions

Казахстан установил исторический рекорд, выпустив дебютные «панда-облигации» на 3,4 млрд юаней

2026/05/26 19:15

Создание более 5 тысяч рабочих мест ожидают в результате реализации горного курорта Кок-Жайляу

2026/05/26 18:09

Зеленая модернизация: в области Жетісу строят сразу три масштабных экопарка для семейного отдыха

2026/05/26 17:05

«Душили и били о кровать»: студентку жестоко пытали сверстницы в Алматы

2026/05/26 15:39
Silhouette of small child. Kid stands with his palms on the window and looks at the fire in city. Black smoke rises into the sky above high-rise buildings. Boy is worried. Child safety.

Мужчина спас троих детей из пожара, а затем ушёл по делам в Павлодаре

2026/05/26 15:32

Теперь уже не скрыться: в Казахстане ИИ-камеры взялись за нарушителей ПДД и экологических норм

2026/05/26 14:25
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/05/27/19:54
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Дархан Кәлетаев Жастар жылы аясында қандай жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді

by Toppress.kz
2019/02/18 11:44
in Казахстан
A A

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Жастар жылы аясында қандай жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Toppress.kz.

Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын айтқан еді. Осы орайда Үкімет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқаны кеңінен сөз болды. Министрдің айтуынша, осы аптада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастарды пәтермен қамтамасыз етуге арналған жобаға байланысты келісім жасалады. 

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер қарастырылып отыр. Бұл пәтерлер жалға беру арқылы жүзеге аспақ. Осы бағытта қамтылатын санаттарды даярлап, өкілетті органдарға, сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкенттің әкімдіктеріне тапсырдық. Менің ойымша, осы аптаның барысында жастар санаттарын келісімнен өткіземіз, – деді министр.

Оның айтуынша, пәтер алуға үміткерлердің жас аралығы анықталды. Еліміздегі заңнамаға сәйкес, жастар санаты 29 жас деп бекітілген. Яғни 29 жасқа келген жастар аталған жобаға қатыса алады. Сонымен қатар, жастар міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс. 

Бізде балдық жүйе ескерілген. Ұсынылған мезім бойынша пәтер 3 жылға беріледі. Осыдан кейін комиссия шарттың мерзімін ұзартуды қарастырады. Бұл бағдарлама бойынша жас отбасы пәтер алған кезде тұрғын үй банкінде бірден есеп-шот ашуы тиіс. Ал кезекке тоқталсақ, аталған қалаларда жастар кем дегенде 3 жыл тұруы керек. Әзірге, осының барлығы жобада ұсынылды. Енді, сәрсенбіге дейін өкілетті органдар тиісті жауабын береді, – деді Дархан Кәлетаев. 

Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Астана мен Алматыда 350, ал Шымкентте 300 пәттер салынатынын жеткізді. Министрлік өкілі келтірген мәліметке сүйенсек, пәтердің шаршы метрі 180 мың теңге, пәтер аумағы 40 шаршы метр болады. 

Қоғамдық даму министрі еліміздегі жұмыссыз жастардың мәселесін де баяндады. Бұл ретте бірқатар проблемалар бар екенін, олардың арасында NEET санатындағы жастар, суицид пен жас отбасылардың ажырасу жағдайын атап өтті. 

NEET санатындағы жастар үлесін төмендету мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. 2018 жылдың қыркүйек айында  Қазақстан Үкіметі NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасын қабылдады. Бұл мәселеде жол картасы біздің бірінші тетігіміз болып отыр. Карта NEET жастарымен 8 санат бойынша жұмыс істеуге жол ашты. Олардың арасында жұмыссыз жастар, ауыл жастары, мүмкіндігі шектеулі жастар, орта білімі бар еңбекпен қамтылған жастар, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен жастар, жұмыс тәжірибесі жоқ білімді жастар, кішкентай балалары бар жас әйелдер, бейәлеуметтік жастар қамтылған. Бұл жұмыстар алты бағыт бойынша жүргізіледі. Осы орайда кәсіптік бағыт, кәсіби оқыту, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды әлеуметтендіру, ұйымдастыру-әдістемелік шаралар қамтылды,- деді ол. 

Елбасының Жастар форумында берген тапсырмаларының маңыздылығын атап өткен министр ауыл жастарының мәселесіне ерекше тоқталды. 

Расында осы жерде отырған көбіміз ауылдан шықтық. Ауыл – Қазақстанның алтын бесігі.  Жастар жылында біз ауыл жастары мәселесін жан-жақты шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Оның ішінде, Елбасы айтқандай, "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы арқылы ауылға барған жастардың алғашқы жәрдемақысы 100 айлық есептік көрсеткішке өсіп отыр, – деді министр. 

Оның сөзіне қарағанда, ведомство ауылға баратын жас мамандар үшін арнайы кәсіпорындарда квотаның санын ұлғайту, білім гранттарын көбейту мәселесін қарастырып жатыр. 

Ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңарту, жаңа жұмыс орындарын, медициналық-мәдени ошақтардың құрылысын салу Аумақтық даму жоспарларына нақты енгізілуі қажет деп есептейміз. Сондай-ақ, "Серпін", "Жас маман", "Жас кәсіпкер" бағдарламаларының мақсаты бір – ауыл жастарының ахуалын жақсарту. Әрине, бүгінгідей урбанизациялық, цифрлық, жоғары технологиялық дәуірде ешкімді ауылға байлап отыра алмайсың. Алайда, тым болмағанда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаламен теңесе бастайтын болса, ауылдың оты ешқашан өшпейді деп ойлаймын!, – деді Дархан Кәлетаев.

Үкімет сағатында биылғы жастар жылындағы жүзеге асатын тың бастамалар мен ірі жобалар таныстырылып, кеңінен талқыланды. 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share