Димаш өзінің әнін қазақ тілінде орындаған шетелдік арудың өнеріне тәнті болды. Ол "Ұмытылмас күн" әнін шырқап тұрған қыздың видеосын Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Toppress.kz.
Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво, – деп жазды әнші.
Димаштың желідегі оқырмандары да бойжеткеннің өнерін жоғары бағалап, "дауысы сыңғырлаған, тап-таза екен" деп ризашылығын білдірді.