• Последние

Қазақстанның табиғи таза өнімдеріне сұраныс бар – Алдаберген Қияс

2021/03/30 20:27

В Алматы работникам СМИ вручили ключи от квартир

2026/06/27 18:41

Совет Европы поддержал конституционные реформы в Казахстане

2026/06/27 17:18
Screenshot

Нурсултан Шоканов избран председателем Народной партии Казахстана

2026/06/27 16:22

Сауат Нургалиев завоевал бронзу на чемпионате мира по шахматам среди молодежи

2026/06/27 14:45

Главред КазТАГ Амир Касенов прекратил сухую голодовку на 12-й день

2026/06/26 21:49

В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ

2026/06/26 21:41

В Алматы наградили лучших представителей казахстанской журналистики

2026/06/26 19:56

Казахстан укрепляет позиции туристического направления: итоги первого квартала 2026 года

2026/06/26 19:50

Самолет врезался в самый высокий небоскреб Пекина

2026/06/26 18:54

Более 70 молодых лейтенантов пополнили ряды Вооруженных сил Казахстана

2026/06/26 18:33

Президент передал казахстанцам специальные экземпляры новой Конституции с личным обращением

2026/06/26 18:24

Более 205 тысяч жителей Павлодарской области получат «умные» электросчётчики

2026/06/26 16:56
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/27/20:25
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қазақстанның табиғи таза өнімдеріне сұраныс бар – Алдаберген Қияс

2021/03/30 20:27
in Казахстан
A A

Соңғы жылдары Қазақстанда ауылшаруашылығына, оның ішінде егіншілік саласына мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып келеді. Бүгін еліміздегі егіншілік саласының мәселелері жайлы және оның болашағы туралы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі, өз ісінің кәнігі маманы Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлымен сұхбаттасып бірнеше сұрақтар қоюды жөн көрдік. 

– Алдаберген Алдаоңғарұлы, егіншілік саласы қазақ даласына кеше ғана келген жаңа дүние емес. Суармалы егіншілік, диқаншылықты түрі деп атай аламыз ба?

– Қазақстанда егіншілік саласы дәнді дақылдар егу ерте заманнан бері қалыптасқан. Оған дәлел ретінде археологиялық қазбалардың нәтижесі куә болғанымен дәлелденді. Бірақ егістік жерлердің ауқымы мен алынған өнімдердің мөлшері жайында нақты мәлімет жоқ. Өткен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде (1913) Қазақстан аумағына астық шаруашылығы дақылдары 4,1 млн. га себілді. Суармалы егіншілік диқаншылықтың басты түрі болып саналады.

– Сіз ұзақ жылдар бойы ауыспалы егіс жүйесінің құрылылымы мен оны жетілдіруді зерттеп жүрсіз. Қазақстандағы ауыспалы егіс туралы айтып берсеңіз.

– Соңғы 60 жылдың көлемінде еліміздің Солтүстік облыстары жағдайында қысқа танапты астықты-парлы ауыспалы егістері қолданылып келеді. Көп жылдық жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша астықты–парлы ауыспалы егістері астық өндіру мәселесін толықтай шеше алмады, егістік танаптары тиімді пайдаланылмады және топырақтың құнарлығын сақтауда кері әсерін көрсетті, яғни топырақ қабаттарындағы қарашірінді (гумус) мөлшері біршама азайып кетті. Ал кейінгі 20 жылдың көлемінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша өңірдегі ауыспалы егістерде негізінен орналасқан дәнді дақылдарды әртараптандыру үшін өнімді ауыспалы егістер принципіне сәйкес ауыстырып отыруды қажет екені байқалды, яғни дәнді-бұршақты, майлы, отамалы,жармалық, мал азықтық және т.б. дақылдарымен алмастыру өте жақсы нәтиже берді. Әдетте оларды ауыспалы егістегі таза сүрі жер танабы орнымен алмастырғанда, себебі егістік танаптар тиімді пайдаланылады. Еліміздегі шаруа қожалықтары, фермерлер, үлкен астық компаниялары және т.б. шаруашылықтар өнімді ауыспалы егістер принципін игерер алдында осы аталған шаруашылықтар қай салаға мамандандырылған болуы керек, тек содан кейін ғана біртіндеп көшуге болады. Мысалы өсімдік немесе мал шаруашылығы және т.б. салалары болу қажет.

– Құрғақ климат жағдайында егіс алқаптарын оңтайландыру үшін қандай қадамдар жасалуы тиіс?

– Жалпы Қазақ елінде емес әлемде климат біртіндер өзгеруде, ауа райы өте құбылмалы күннің біртіндеп жылу процессі жүруде. Сондықтан климат жағдайының өзгеріне қарай егіс алқаптарын оңтайландыру үшін біртіндеп әр өңірдің ерекшелігіне қарай сұранысы бар, қаражат, табыс әкелетін ауылшаруашылық дақылдарын сол өңірдің фермерлер өсіруі қажет. Ғалымдардың пайымдауы бойынша өнімді ауыспалы егіс кестесін қолдану арқылы дәнді дақылдардың үлесі 50%, дәнді-бұршақ дақылының үлесі 25% және майлы дақылдың үлесі 25% болуы қажет. Осылай қолайлы орналастырылған ауыспалы егістер біздің тауар өндірушілерге қай жағынан болса тиімді болып келеді. Өсімдік өнімдерінің барлық саласын қамтиды. Мысалы фермер астық, май, мал өнімдерін өндіреме өзі біледі, себебі осындай өнімді ауыспалы егістер тиімділігімен қатар финанстық қаражат пен таза пайда әкелумен қатар, қоршаған ортаны сақтауға да пайдасы тиеді. Әрине бұдан басқа да әр түрлі сан алуан дақылдармен алмастыру арқылы бірнеше нұсқалардың болуы әбден мүмкін. Бір ескертетіні өнімді ауыспалы егіс құрылымында таза сүрі жер танабы болмайды.

– Егіншіліктің озық үлгісі ретінде әлемде қай мемлекетті атай аласыз? Неге?

– Әлемде егіншілік саласының озық үлгісі ретінде бір мемлекетті бөліп жарып айтуға болмайды. Әрине бізге табиғи-климат жағдайы біршама жақын келетін ел ретінде Канаданы айтуға болады. Менің ұстазым Академик М. Қ. Сүлейменов бізге Канада тәжірибесін негізге ала отырып тек қана майлы және дәнді бұршақ дақылдары әр түрлі технология бойынша өсіру нәтижесі кейбір жылдары астық (бидай) дәнінің бағасының төмен түскен кезеңдерінде осы елдің құрғақшылық аймақтарындағы фермерлерді күйреуден құтқарды деген қортындыға келді. Бұл фермерлер үшін өте жоғары пайда табыс көзі еді және дәнді бұршақ дақылдары фермерлердің тұрмыс жағдайын жақсартты. Одан әрі қарай олар терең өңдеу саласын жұмыспен қамтамасыз етті және бұл өз кезегінде елдің экспорттық мүмкіндігін арттырды. Бұл елде егіншілік саласының озық үлгісі қалыптасқан, алатын озық тәжірибелер баршылық. Бұдан да басқа елдерді атауға болады.

– Егістік алқаптарын пайдалану құрылымын жетілдірудің негізгі бағыттарын атап берсеңіз?

– Елімізде егістік алқаптарын пайдаланудағы құрылымын жетілдірудің негізгі бағыттары алты сала бойынша жүру керек. Бірінші негізгі бағыт солтүстік өңірлерде астық өндірісі басты сала болуы тиіс, осы бағытта арнайы егістік құрылымдарына арналған ауыспалы егістер жүйесі жұмыс істеуі тиіс. Екінші бағыт ауыспалы егістерде негізгі орналасқан дәнді дақылдарды әртараптандыру арқылы өнімді ауыспалы егістер принципіне сәйкес ауыстырып отыру керек. Мысалы дәнді-бұршақты, майлы, отамалы, жармалық, мал азықтық және т.б. дақылдарымен қолайлы алмастыру арқылы егістік танаптары тиімді орналастырылып, нәтижесінде өсімдік шаруашылығы нақты табыс көзіне айналдыруға болады. Үшінші бағыт бір жылдық және көп жылдық шөптермен араласқан мал азықтық ауыспалы егістерін қолдану керек. Мал шаруашылығы пішен, пішендеме, жасыл азық, жайылымдық азық, сүрлем және витамині мол шөп пен пішен ұндары мен қамтамасыз етіледі. Өңделген егістіктік танаптардың егіс құрылымының жақсаруы қатар қоректі элементтердің көзі  және  органикалық заттар қорының көбею арқылы топырақ құнарлығы элементтерінің қалыпты тұрақталуын қамтамасыз етумен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды. Төртінші бағыт егістік алқаптарының құрылымында сидералды дақылдарды жасыл тыңайтқышқа өсіру арқылы топырақ қабатындағы қоректік заттар құрамы мөлшерін азотты тыңайытқыштарды енгізбей ақ қажетті деңгейде толықтырады, таза табиғи экологиялық өсімдік өнімі алынады және қарашірінді құрамын біртіндеп қалпына келтіреді. Бесінші бағыт органикалық егіншілікті пайдалану арқылы таза табиғи экологиялық өсімдік өнім қол жеткізуге болады. Қазақстанның табиғи таза өнімдеріне сұраныс бар. Алтыншы бағыт нақты егіншіліктің негізігі элементтерін енгізу яғни алқаптардың электрондық карталары, ауа райы туралы нақты метеодеректер алынып, тыңайтқыш пен гербицидті үнемді енгізу, сенсорлар мен датчиктер, ғарыштық мониторинг жасау және тағы басқа пайдалану болып табылады. Бұл сала Цифрлы Қазақстан бағдарламасына сәйкес келеді.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
2
Share