Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Б.Жасыбаев Сарқан қаласында орналасқан “Сарқан ” орталық базарының сатушыларымен және сауда жасап жүрген тұтынушылармен жүздесіп, экспромт кездесу өткізді.
Аталған шараға аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттарды сенімді өкілдері және «Jas Otan» ЖҚ тарапынан жасақталған белсенділер қатысты.
Кездесу барысында үміткерлер “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұтынушылар мен сатушылар тарапынан түскен ұсыныс пікірлерді тыңдап, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында өңірімізде алдағы бес жылда жолдың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, ауылдарды сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу, ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделгендігін айтты.

Бұдан бөлек алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.










