10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады.
Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Облыстық және қалалық мәслихаты депутатына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қойылған сұрақтарына жауап беруде. Кездесулер барлық санитарлық нормаларға сай жүргізіледі. Тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны түсіндіру сұрақ-жауап форматында өтуде.
Үміткерлер саулаушыларымен кездесу жұмыстарын барлық заң талабына сай өткізді. Кездесусоңында «Nur Otan» партиясының өкілдері партия өкілдері солтүстікқазақстандықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды.
Елімізде “Есіктен есікке” акциясы қаңтардың басына дейін жалғасады. Үміткерлер алдағы күндері елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.










