Халықаралық сәлемедмелердің жеткізу мерзімі 10 күнге дейін қысқаруы жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Жөнелтілімдерді тез арада өңдеп оларды жеткізу уақытын барынша қысқарту үшін, сондай-ақ мүмкіндігінше ыңғайлы қадағалауды жүзеге асыру үшін біз жақында жаңа есепке алу пошта жүйесін іске қостық, – деп хабарлады Сәкен Сарсенов.
Оның айтуынша, ол интернет-дүкендермен өзара іс-қимылды жеңілдетеді, өйткені ол жүйелердің кез келген интеграциясын және деректер алмасуды орындауға мүмкіндік береді. Барлық үдерістерді оңтайландыру нәтижесінде сәлемдемелерді жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқартылатын болады. Мысалы, Қазақстан бойынша олар 3 күнге дейін қысқартылу жоспарлануда.
2018 жылы "Қазпошта" ұшқышсыз ұшақтармен поштаның жеткізілімінің 10 есе арттырды. Өткен жылы дрондар көмегімен 11 000 килограмм мерзімдік бысылым тасымалданды. Баспа басылымдырын ауылдарға жеткізу кезінде дрондар 460 сағат ішінде 74 мың километр ұшып өтті. Бұл жоба Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 150 елді мекенді қамтиды. 4 килограммға дейін жүк көтере алатын 20 дрон іске қосылды.
Сонымен қатар "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов 2019 жылғы қаңтардағы сәлемдемелердің кешіктірілу себебін түсіндірді.
Бұл өте маңызды мәселе, себебі бұл біздің негізгі бизнесіміз. Мен бірнеше санды келтіргім келеді. Өткен жылы біз 18,5 миллион сәлемдеме жеткіздік, оның ішінде мың емес, миллион емес, 469 сәлемдеме жоғалды. Егер дер кезінде жеткізу мерзімі туралы айтатын болсақ, жалпы әлемдік статистика сәлемдемелердің 93-97 пайызы уақытында жеткізілуі тиіс екендігін көрсетеді. Бұл дүниежүзілік пошта одағының талабы. Бізде көрсеткіш – 95 пайыз. Әр түрлі себептерге байланысты 5 пайыз кешігумен жеткіземіз, – деді Сәрсенов баспасөз мәслихатында.
"Қазпошта" басшысы 2019 жылғы қаңтардағы Қазақстандықтардың шағымдарының себептері туралы айтты.
Иә, биылғы жылдың қаңтарында өте ауыр шағымдар болды, себебі біз жаңа пошта есептік жүйесін енгіздік. Бұған дейін" Казпочтада" ескірген жүйелер болды, олар бізге барлық сәлемдемелерді онлайн бақылауға мүмкіндік бермеді. Ақпан айының басында біз жүйені тұрақтадық. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткізу 12,8 миллион дананы құрады, – деді ол.
Сәрсеновтың айтуынша, егер сәлемдеме жоғалса, клиентке толық құны қайтарылады.