13 қаңтарда Ұлттық мұражайда "Үржарлық сәуегей әйелі мен қалпына келген қазыналар консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарының қорытындылары" атты тұрақты көрме ашылды, – деп хабарлайды Toppress.kz.
2013 жылы Үржар ауданында Таскескен-Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде трассадан бірнеше метр қашықтықта қорған үйіндісінің астында 1,7 метр тереңдікте жас әйелдің сүйектері бар тас саркофаг табылды. Сол кезден бастап саркофагпен қазақстандық археологтар, реставраторлар және шетелдік мамандар жұмыс істеді. Қайта жаңарту 3D форматында орындалды, сондай-ақ жерлеу орнында табылған материалдар қалпына келтірілген болатын.
Қазақстандық және шетелдік мамандардың бес жылдық зерттеу қорытындысы бойынша "Үржар сәуегей әйелі" біздің дәуірге дейінгі IV – III ғасырларда өмір сүрген. Ал әйелдің жасы шамамен 30-35 жаста. Самрұқ мифтік құсы бейнеленген. Оның бас киімі қызыл және көк жібектен, ал киімі – жүннен жасалған.
Үржәр сәуегей әйелі барлық тайпа қауымдарын емдеген деген болжам бар. Сонымен бірге қолында бір құшақ қырыққұлақ атты емдік шөп және сол шөпті өндейтін ғұрыптық тас табылған.
Бас киіміне келетін болсақ, ол үш бөліктен тұрады және шаштың орнына шөптен жасалған парик кигізілген. Сонымен қатар саркофагтың ерекшелігі – сәуегей әйелмен бірге екі қызметшісінің және қойдың сүйектері табылған.
Зерттеу үшін ең үлкен құндылық-сауекелді еске түсіретін алтын бас киім. Зооморфтық ою-өрнегі бар үшкір ұшты алтын бас киімінің жебе түріндегі жоғарғы жағы алтын сымнан жасалған спиральмен және зергерлермен әшекейленген. Осындай бас киімдер сақ көсемдерінің салтанатты киімінің бір бөлігі болды. Жерленген адамның сақ тайпасының қызы болуы мүмкін, – дейді экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов.
Археологтардың тапқан дүниесі егер оны сақтамаса ешқандай қасиеті қалмайды. Өйткені әрбір жәдігер ол біздің тарихымызды, біздің мәдениетімізді дәлелдейтін зат жүзінде дүние болғаннан кейін оны біздің ұрпақтарға зерттеуге, ойларын білу үшін жәдігерлерді сақтап қалдық, – деп мәлімдейді ғылыми-реставрациялау зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі Қырым Алтынбеков.