Кеше Нұр-сұлтан қаласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша журналистерге арналған медиатур өтті. "Жусан" және "Жусан-2" атты операциялар осы бағдарламаны жүзеге асырудың ауқымды бөлігіне айналды. Айта кетерлігі 28-31 мамыр аралығында "Жусан-3" операциясы сәтті өткен болатын. "Жусан" операциясының үш кезеңі аясында Сириядан 524 қазақстандық азамат, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел және 357 кәмелетке толмаған бала шығарылды. Қазақстанға әкелінген 27 бала жетім қалды және қазіргі уақытта олар арнайы орталықтарда оңалтудан өтуде. Қазақстанда әйелдер мен балаларды ортаға бейімдеу үшін түзету және бейімдеу орталықтары жұмылдырылған.
Медиатур ұйымдастырушылары Орталық Азия елдерінің журналистерімен де маңызды ақпараттармен бөлісті. Оған Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан журналистері, сондай-ақ Қазақстанның журналистері мен блогерлері қатысты. Айтулы шараны ұйымдастырушылар модератор ретінде республикалық қоғамдық бірлестік басшысын (террорға қарсы комитет), теолог, қоғамдық құқық қорының жетекшісі, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту облыстық орталығының басшысы шақырды. Семинарға қатысушылар болған бірнеше Азия елдерінің журналистерін діни экстремизммен күресте тиімді болып табылатын әдіс-тәсілдермен таныстырды. Әсіресе олар үшін әскери іс-қимыл орындарынан оралған әйелдер мен балалардың бейімделуі туралы ақпарат маңызды болды. Қазақстанда осы мақсаттар үшін "мүмкіндік" атты әлеуметтік – құқықтық қолдау орталығы құрылғаныны айта кету керек. Семинарға қатысушылар Хазырет Сұлтан мешітіндегі осы бағыттағы атқарылған жыұымтармен танысты. Имамдар Сириядан оралған адамдармен жұмыс істеді. Кездесу терроризмге қарсы комитетінің басшысы, модераторы Аманжол Оразбаев журналистерге қоғамда зорлық-зомбылық экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Нұр-сұлтан қаласында үш күн бойы Орталық Азиядан журналистер келген медиатура өтті. Менің ойымша, біз Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған іс-шаралардың негізгі сәттерін көрсете алдық. Мен осы мәселені шешудегі ең басты мәселе — экстремизммен күрес мәселелерінде үлкен мемлекеттік қолдау екенін атап өткім келеді,- деді ол.
Оның айтуынша, 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша шамамен бір миллиард доллар бөлінді. Бұл ауқымды қаражат бүкіл қоғамның күш-жігерінің нақты қосымшасына ықпал ететініне үміт білдірді.
Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің журналисттері мен блогерлеріне Қазақстан Республикасының діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тәжірибесін көрсететін екі негізгі сәтті түсіндіргім келеді. Егер оқшаулау бойынша алдын алу, ескерту жұмыстары жалпы Орталық Азияның барлық мемлекеттерінде жүрсе, онда Қазақстанда бұл жұмысты жүйелендіруге әрекет жасалуда. Жүйелендіру ішкі проблемаларды шешу, сондай-ақ сыртқы проблемаларды шешу бойынша жұмыс жоспарында жүруде. Бұл үдерістің нәтижесі отандастарымыздың отанына оралуына байланысты "Жусан-1" операциясы болды. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар және бүкіл ел бойынша оңалту орталықтарын құру бойынша мемлекет бөлген қаражат қайтып келгендерге жаңа өмірге бейімделуге көмектеседі, -деді А. Оразбаев.
Оның пікірінше, қазіргі уақытта осындай орталықтардың қалыптасу әдістемесін әзірлеу процесі жүріп жатыр, және жақын арада тетіктер террористік белсенділік аймақтарынан келген адамдарды оңалту бойынша пысықталатын болады.
Ал екінші — қазір жүйелеу процесі жүріп жатыр, яғни деструктивті діни ағымдар мүшелерінің радикалдану деңгейін анықтау. Ауруды сапалы емдеу үшін оны дұрыс диагностикасын қою керек. Яғни, осы адамның радикалдану деңгейі анықталғаннан кейін, одан кейін оны қайта радикалдау және бейәлеуметтік бейімдеу жоспары да анықталады. Оған әлеуметтік, сонымен қатар онымен және отбасы мүшелерімен психологиялық жұмыс процессі жүрмек. Бұл процесс өте ұзақ, бірақ мұны істеу керек, өйткені біз ең алдымен зайырлы мемлекет және зайырлы мемлекеттің қағидаларын ұстануымыз керек. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, күш құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі,-дейді модератор.
Семинар барысында Сирияда туған балалардың елге қайтарылатыны, бұған дейін Қазақстанда болмаған, көпшілігі бейбіт өмір деген не екенін білмейді. Балаларды бейбіт уақыт жағдайында өмірге бейімдеу үшін олармен шындап жұмыс істеу қажеттігі айтылды.
"Право" қоғамдық қорының жетекшісі, Ольга Рыль:
Біздің Қор заңмен байланыста болған балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысамыз. Балаларды заң аясында ұстап отыру дегеніміз негі білдіреді? Яғни заңға сәйкес келген балалардың санатына тікелей қатысты болмақ. Заң шеңберінде қылмыс жасаған балалар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған балалар, қылмыстың құрбаны болған балалар, қылмыстың куәгері балаларды жатқызамыз. Қазір біз бір топ болған балаларды көріп отырмыз. Оларды дәстүрлі емес діни ағымның құрбандары деп атасақ, артық емес, – деді.
Оның ішінде белсенді террористік аймақтан оралған балалар да бар. Балалардың барлық санаты бірінші кезекте әлеуметтендіруді қажет етеді. Ал әлеуметтендіру үшін оларға жан-жақты көмек көрсету үшін олардың проблемаларының неден тұрғанын зерделеу қажет. Мұнда психологтардың сапалы жұмысы маңызды болмақ. Нәтижелі жұмыс болу үшін нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуі тиіс. Жұмысқа әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер, психотерапевтер қажет болады. Біздің балаларымыздың санаты, өкінішке орай, кейде еш жерде оқымайды, мектепте бір де бір күн оқымаған жағдайлар тіркелген. Ондай балалардың басым бөлігі жауынгерлік іс-қимылдар аймағында болған және Қазақстанға келген балалардың басында жиі кездеседі екен. Тиісінше, мұндай балаларда проблема жиі кездеседі.
Біздің пәннен сабақ беретін мамандарымыз − балалармен өз жас деңгейіндегі балалардың білімдерінің багажы бойынша қуып жетуін қамтамасыз ету үшін айналысады. Бұл білім беру жоспарында олар бесінші сыныпта емес, бірінші, 7 сыныпта емес, 4 сыныпта оқуы тиіс. Біз мұндай балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек тағы да маңызды екенін түсінеміз, бұл балалар басқа әлемде, террористік белсенділік аймағында екенін ескеру керек. Олар біздің шын мәнінде өмір сүру дағдымызды үйренуі керек, оларға қарым-қатынас керек. Ең бастысы жаман-жақсыны ажырататындай деңгейге жетуі тиіс. Бүгінгі күні бізде 104 маман жұмыс істейді. Бұл психологтар, заңгерлер, теологтар, гинекологтар, андрологтар, психотерапевттер және тіпті жол қозғалысы ережесінің оқытушылары да бар. Олардың барлығы жат ағымның жетегінде кеткен бүлдіршіндердің қайта өмірге оралуына мүмкіндік сыйламақ.
Жиында Орта Азия журналистері терроризм мен радикализмге қарсы бірігіп, ортақ жұмыс жүргізуге міндет қойды. Олар "Қазақстан Республикасының радикализмнің алдын алу бойынша тәжірибесі: Мемлекеттік бастамалар, қоғамдық ұйымдардың жұмысы және БАҚ-пен ынтымақтастық" атты Нұр-сұлтан қаласында өткен үш күндік медиатураға көмек көрсетті. Іс-шараны "Интерньюс" ҮЕҰ қолдауымен Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы комитеті ұйымдастырды.
Медиатур журналистерге діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қазақстандық ұйымдардың қызметімен танысуға зор мүмкіндік берді.