Отбасы әр адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. Басқа ешбір әлеуметтік институт балаға отбасы сияқты әсер ете алмайды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ата-аналар отбасының ең осал бөлігі – балаларды (жастарды) радикал діни ұйымдардан қорғап қалу мүмкіндігін жиі жіберіп алады.
Отбасы институтында ең алғаш құндылықтар мен идеалдар, дәстүрдің нормалары, дүниетанымы, мінез-құлықтың және қарым-қатынастың негізі қаланады, сол тәрбие негізінде әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Сүйіспеншілік пен достық бар отбасында рухани-адамгершілік, еңбек, азаматтық-патриоттық тәрбие болады, ондай отбасыларда радикализм мен экстремизмге қарсы иммунитет бар. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз. Кез-келген адам сияқты, бала да өзінен жұбаныш, түсіністік пен қолдау іздейді, бірақ, өкінішке қарай, оны әрқашан таба бермейді. Адамдардың деструктивті жалған діни ұйымдарға түсуінің себептері көп, бірақ ең негізгісі отбасыға байланысты. Біріншіден, бұл баланың ата-анасынан рухани алшақтануынан туындайды, екіншіден, ата-ананың балаға немқұрайдылығынан, балаға қамқорлық пен назардың жоқтығынан және үшіншіден, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жек көруден тұрады.
Баланың деструктивті ағымға түсуіне итермелейтін тағы бір фактор – отбасындағы жанжал. Яғни, балаға зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас көрсетілсе, ата-ана өз баласын сөзбен немесе іспен байқаусызда ренжітсе, оны түсінбей және ең бастысы, оны түсінуге тырыспаса, сыртқы ортаға осал тұлғаны қалыптастырады.
Кейбір отбасыларда барлығы қалыпты әрі жайлы болуы мүмкін, бірақ балада өзін-өзі қоғамда дәлелдуге ұмтылады, белгілі бір ортаға өзін сәйкестендіруге тырысады және «әлеуметтік жайлылық» мақсатында қандай да бір қоғамға немесе пікірлестер тобына кіруге ұмтылуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген мысалдар адамға теріс әсер етеді, оның санасын, психикасын бұзады, қатайтады, ашуландырады, балаларды радикализациялайды, осылайша оларды баламалы отбасы іздеуге, балама әлеуметтенуге итермелейді. Көбінесе жас адамның «жаңа отбасысына» деструктивті сипаттағы діни топ айналады, онда жеткіншек қамқорлықпен, назарға толықтай қоршалған және олардың таңдауы мен эксклюзивтілігі идеясынан шабыт алады.
Нәтижесінде мұндай «жаңа отбасылар» отбасылық және әлеуметтік байланыстарды, моральдық құндылықтар мен негіздерді бұзады, оған бөтен көзқарастарды, мұраттар мен құндылықтарды таңады, төзбеушілік пен фанатизмді қоздырады.
Кәмелетке толмағандар мен жастарды экстремистік идеялардың әсерінен қорғауда ата-аналар басты рөл атқарады. Сондықтан ата-аналар балаларын қалай және неден қорғау керегін білуі керек. Жалған діни ағымдарға түскен баланың мінез-құлқының бірден күрт өзгеруі өте сирек кездеседі. Әдетте, бәрі біртіндеп көріне бастайды, бұл жерде теріс нәтижеге жол бермеу үшін уақытты дұрыс пайдалану өте маңызды.
Дінтанушы Индира Бекишеваның айтуы бойынша, ата-аналар баланың экстремистік идеологияның ықпалына түсе бастағанын оның мінез-құлқындағы келесі белгілерге назар аударуы керек: ол отбасы мен достарымен қашықтық сақтай бастайды; діни тақырыптарға қызыға бастайды (сөйлеуде діни терминдердің пайда болуы, сөздік қорының өзгеруі); саяси және әлеуметтік тақырыптарда әңгімелер жиі айта береді, ол әңгімелер барысында төзбеушілік белгілері мен негізсіз пайымдаулар беріледі; үйде күмәнді брошюралар, парақшалар немесе кітаптардың пайда болуы-жасөспірімнің жалған діни ағымдарға тән діни насихатпен айналысқанының белгісі; ашуланшақтық, агрессивтілік немесе керісінше шамадан тыс апатия мен летаргия көріністері байқалады; оқуға қызығушылық, әдеттегі әлеуметтік шеңбер, үйреншікті қызығушылықтар (спорт, шығармашылық, қосымша іс-шаралар) жоғалады; тұрақты ақшалай шығындар, ол нақты неге жұмсайтынын түсіндірмейді; сіз білмейтін жаңа достар пайда болады; жаңа пікірлес адамдармен телефонда немесе интернетте шамадан тыс байланысады; киім және шаш үлгісін өзгерту.
«Көрсетілген тармақтар сіздің балаңыз үгітшілердің объектісіне айналғанын көрсетуі мүмкін және мұндай жағдайда сіз мәселені бірден анықтай аласыз. Балаға жақын ата-аналар баланың мінез-құлқындағы елеулі өзгерістерді байқай алады», – дейді дінтанушы.
Діни экстремизм бүгінде сирек кездеседі, тек төтенше жағдайларда ғана ашық түрде көрініс табуы мүмкін, қазіргі заманда діни экстремизм балаларды өзіне көбінесе Интернет арқылы бейімдейді. Қазір көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы жалған діни қозғалыстарға тап болады, өйткені рекрутерлер адамдарды шебер басқаратын жақсы психологтар және олар адамның «ауыр немесе проблемалық нүктелерін» жақсы біледі.
Интернетте балаларға тыйым салынған ақпараттың үлкен көлемі бар, себебі кейбір ақпарат олардың физикалық және психикалық денсаулығына, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін. Интернетте ақпаратты жалған шейхтер, жалған уағызшылар, экстремистік рекрутерлер түсіндіреді. Қазіргі кезде жастар Интернетте көп уақыт өткізеді, ал көптеген ата -аналар баласының не көріп отырғанын ойламайды. Көбінесе уақыты жоқ.
Балаңыздың экстремистік насихаттың ықпалына түсу қаупін азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет: сіздің балаңыз қай сайттарда отыратынын, ол кіммен сөйлесетінін, қай әлеуметтік желілерде тіркелгенін бақылау; Интернетке бақылаусыз кіруді шектеу – қауіпті ресурстарға кіруге тыйым салатын арнайы параметрлерді қолдану; балаларыңызбен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз – көбірек сөйлесіңіз, оның не істейтініне, не қарайтынына, не оқитына, не ұнайтынына қызығушылық танытыңыз; балаңызға көбірек уақыт, махаббат пен көңіл бөліңіз; балаңызға діни тақырыпта бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керегін түсіндіріңіз. Баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды.
Егер сіздің балаңыз экстремизмнің ықпалында қалды деп күдіктенсеңіз, сіз тез әрі батыл әрекет етуіңіз керек.
«Жасөспірімнің хоббиі мен оның тобының идеологиясын шектен тыс айыптамаңыз. Оның орнына экстремистік көңіл-күйдің себебін анықтауға тырысыңыз, оған бұл ұйым не үшін қажет екенін мұқият талқылаңыз және ол қатысатын ұйым туралы көбірек білуге тырысыңыз. Есіңізде болсын, жасөспіріммен қарым-қатынас тым қатал және интрузивті болмауы керек, өйткені мұндай тактика міндетті түрде наразылыққа әкеледі – баланы экстремизм идеясынан қорғау және оған толыққанды мүше болуға одан әрі итермелейді. Мұндай жағдайларда, ең алдымен, мамандардан кеңес алу қажет», – деп жалғастырады дінтанушы.
Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шеккен болсаңыз немесе дінге қатысты сұрақтарыңыз болса, консультациялық, теологиялық және психологиялық көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы дінді зерттеу орталығына хабарласа алатыныңызды естен шығармаңыз.











