• Последние

Парламент Сенатында жастарды дамыту мәселелері талқыланды

2019/02/07 07:29

«Казахмыс» реализует масштабную реконструкцию парка «Жастар» в Жезказгане

2026/07/01 13:31

Партия «Әділет» соберет инициативы бизнеса для развития горно металлургического комплекса

2026/07/01 13:08

Самый высокий памятник Месси в мире неожиданно стал вирусным

2026/07/01 12:58

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

2026/07/01 12:29

Вступление в силу Новой Конституции: официальное заявление партии «Ак жол»

2026/07/01 12:22

В Карагандинской области обновили первые железнодорожные вокзалы

2026/07/01 12:14

В Астане обсудили роль премии «Евразия» в укреплении дружбы народов и международного сотрудничества

2026/07/01 11:59

Школьники угнали автомобиль и устроили погоню в Уральске

2026/07/01 11:55

Всплыли новые подробности о полицейском, чье сожженное тело нашли в горах

2026/07/01 11:55

Казахстан станет первой зарубежной площадкой производства Li Auto

2026/07/01 11:18

Аномальная жара в Европе унесла более 1300 жизней: температурные рекорды

2026/07/01 10:47

Новая Конституция РК: Генеральная прокуратура заявила об усилении гарантий защиты прав граждан

2026/07/01 10:40
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/13:36
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Парламент Сенатында жастарды дамыту мәселелері талқыланды

2019/02/07 07:29
in Казахстан

Сенатта палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңды іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттерге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.  Жиында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымыз жария еткен Жастар жылының ең басты мақсаты – өскелең ұрпақтың барынша сапалы өмір сүруіне қажетті жағдай жасау, жастар – бұл мемлекетіміздің күш-қуатын еселейтін ең негізгі, мықты буын екенін атап өтті. Осы орайда жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу аса маңызды міндет екенін де еске салды. 

Бұрын Президент Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру жөнінде тапсырма берген болатын. Мазмұны өте салмақты маңызды бастаманы тиісті мемлекеттік құрылымдар ұраншылдыққа салып, қысқа мерзімді науқанға айналдырып жібергенін мойындау қажет. Шын мәнінде, біз Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясын алға тарта отырып, барша халықтың, соның ішінде жастардың ұлттық ой-санасы мен мінез-құлқын түбегейлі қайта қарау мәселесіне назар аударуымыз қажет. Елімізде жалпыұлттық және жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті, шығармашылық ойлау әлеуеті жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жастар аз емес, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар жастардың жұмыссыздығын жоюдың басты мүмкіндіктері шағын және орта бизнес саласына аудару қажет. 

Өкінішке қарай, кәсіпкерлік саласы еліміздің жастарын әлі де қызықтырмай отыр. Әлеуметтік сауалдардың деректері бойынша сұралған жастардың 51 пайызының бизнеспен айналысу туралы ой жоспарында жоқ екен. Бұл проблемаға басқа жағынан қараған дұрыс. Мүмкін, біз бизнеспен айналысу үшін өзіміз тиісті жағдай жасамай отырған шығармыз? Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша еліміздегі жастардың 40 пайызға жуығы тұрақты түрде жұмысқа орналаса алмайды, – деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында туризм келешегі зор сала болуы тиіс. Ол осыған орай туризм саласы бойынша білікті мамандардың аздығын ескере отырып, еліміздің жоғары оқу орындарында туризм және қонақүй бизнесі факультеттерін кеңінен ашуды ұсынды. 

Туризм жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында келешегі зор салаға айналады. Біздің елімізде экологиялық, спорттық-сауықтыру және экстремалды туризм салаларын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Туризм саласы бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып, еліміздің жоғары оқу орындарында туризм және қонақүй бизнесі факультеттерін кеңінен ашу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар ол ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту – маңызы айрықша міндеттердің қатарында екенін атап өтті. Оның айтуынша, дүниежүзіне әйгілі IT-компанияларда үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымыз да бар. Осындай болашағы зор жас мамандар ел игілігі үшін, экономикамызды дамыту жолында қызмет етуі қажет. 

Әрине, ең алдымен, біз оларға қажетті жағдай жасауға тиіспіз. Дарынды жастарға жеткілікті деңгейде қолдау көрсетпей, алдыңғы қатарлы зияткер мемлекет қатарына қосылу қиын екенін мойындауымыз керек,- деді ол. 

Оның пайымынша, жастарды парламенттің және жергілікті өкілетті органдардың жұмысына кеңінен тарту қажет.

Жеке азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын және оны табандылықпен қорғайтын жаңа буын өкілдеріне қолдау көрсетуіміз керек.  Алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, өзін-өзі дамытуға талпынған жастарға шынайы қолдау қажет. Қазақстандық жастар өз болашақтарына сеніммен қарауы тиіс, олар үшін Қазақстан мемлекеттік басқарудан бастап ғылым мен шығармашылыққа дейін сан алуан салаларда табысқа жетуге мол мүмкіндіктер беретін ел болуы тиіс, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ мектептерде орын алған, қоғамның наразылығын тудырып отырған күш көрсету, қорқыту мен қорлық көрсету әрекеттеріне орай жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесіне де тоқталды. 

Мектептерде орын алып отырған зорлық-зомбылық жағдайлары – бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін мойындау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар аса маңызды мәселе – жастардың дінге деген көзқарасы туралы да айтылды. 

Еліміздегі әрбір жас азамат, өзінің діни сенімінен тыс мемлекетке, оның заңдары мен нышандарына құрметпен қарауы тиіс. Мектептердегі жүріс-тұрыс әдебі және киім кию үлгісі халықаралық тәжірибені, ең бастысы, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін негізге алуы керек. Бүгінгі таңда діни сеніміне бола балаларды білім алу мүмкіндігінен айырып, олардың білім көздерінен қол үзуіне мәжбүр болған жағдайлар орын алып отыр, – деді Сенат Төрағасы. 

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жастарды жұмысқа орналастыру және білім беру саласындағы оң динамиканы атап өтіп, Министрліктің Жастар жылын өткізу жөніндегі жоспарлары туралы айтты. Дөңгелек үстел барысында қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасау, жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу және мәдени демалыс пен бос уақытты өткізу үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды. Бұған қоса жастар жылының жол картасының негізгі ережелерін қарады. 

Жол картасы бірінші рет төрт пазлды бірге құрды. Бұрын бөлек құрылса, қазір жастардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біріктірілді. Бұл тетраэдр – қоғамдық өндірістің-білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй, отбасы тұрақтылығы мен механизмін бейнелейтін фигура, – деді Дархан Қалетаев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін жастар саясаты саласындағы жетістіктер туралы көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында "Жастарға мейірімді мекен" жастардың даму индексі", "Жастар ресурстық орталықтарын қайта құру", "Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы статистика мен жетістіктер" жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен "Жастар корпусын дамыту" жобасының нәтижелері, Shoqan by Shoqan Ualikhanov брендінің костюмдері және Жас суретшілер одағының шығармашылық суреттері қойылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Шараға қатысушыларға жастар саясаты саласында жүзеге асқан бірқатар жобалардың нәтижелеріне арналған көрме ұйымдастырылып, сенаторлар отандық бренд өнімдері мен жас суретшілердің шығармаларымен танысты. 


Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist