• Последние

РАТТ мүшелері Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болды

09.11.2018

Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева

29.10.2026

Правительство примет все меры для системного решения поставленных Президентом задач — Олжас Бектенов

29.10.2026

Налоговый кодекс Казахстана: какие поправки нужны предпринимателям

29.10.2026

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

28.10.2026
Фото из личного архива

Политолог Газиз Абишев разъяснил тезисы Президентского Послания о социальной справедливости

28.10.2026

Разрушительный циклон «Арнаб» обрушился на юго-восток Индии: есть жертвы

28.10.2026

Казахстан стал площадкой для международного диалога о будущем медицинского образования

28.10.2026
Фото: The Telegraph

Столкновение высокоскоростных поездов в Испании унесло десятки жизней

28.10.2026

Жительницы Актобе потеряли миллионы на псевдоинвестициях в золото

28.10.2026

Торнадо обрушился на стройплощадку в Анталье: 4 погибших

28.10.2026

«Ты подвел Rocky»: команда рэпера обвинила Айсултана Сеитова в срыве съемок клипа

28.10.2026

Строить, еще раз – строить! — Президент озвучил всенародный ответ надвигающейся эпохе ИИ

28.10.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/10/29/10:18
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
  • Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

РАТТ мүшелері Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болды

Жақында, яғни, қарашаның 8-9 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері тұрғындар арасында маңызды кездесулер өткізу үшін Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болды.

by Toppress.kz
2018/11/09 08:23
A A

Жақында, яғни, қарашаның 8-9 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері тұрғындар арасында маңызды кездесулер өткізу үшін Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болды. Моноқалаларға іс-сапармен келген топ құрамында белгілі дінтанушы Тұрар Әбуов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков, ҚМДБ-ның “Әйелдер-қыздар” секторының меңгерушісі, исламтанушы Ақбөпе Тілегенова болды. 

Жезқазған қаласынан бастау алған іс-шаралар Сәтбаев қаласында да өз жалғасын тауып, ҚМДБ өкілдері Х.Әділбеков мешіт имамдарымен және діндар азаматтармен кездесу жүргізсе, исламтанушы А.Тілегенова деструктивті ағымның жетегіне түскен қыз-келіншектермен жекелеген кездесулер мен мешіт жамағатымен жүздесулер болды.  

Бүгінде елімізде радикалды діни топтардың қатарын ер кісілер ғана емес, әйел кісілер де толықтырып жатқаны жасырын емес. Әйел өзімен қоса балаларын да теріс бағытқа тәрбиелейтіні анық. Қысқаша айтсам, сол деструктивті ағымның жетегіне түскен қыз-келіншектерді оңалту, отбасылық проблемалары бар әйелдерге психологиялық көмек беру маңызды, — дейді А.Тілегенова.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің және Сәтбаев индустриалды колледжінің студенттерімен, ұстаздар қауымымен кездескен Тұрар Әбуов жастарға мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары,   діни теріс ағымдардың қоғамға кері әсері, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын ауыздықтау, дін мен дәстүр тақырыптарында кеңінен сөз қозғады. Жастардың әлеуметтік желілер арқылы таралатын әртүрлі діни уағыздарға қырағылықпен қарау қажеттілігіне де кеңінен тоқталды. 

Сонымен қатар  Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Жезқазған қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерімен, сондай-ақ Сәтбаев қаласы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен, Сәтбаев қаласында Достық үйінде мектеп директорларымен, дінтану пәнінің мұғалімдерімен кеңінен кездесулер өтті. Кездесу барысында РАТТ мүшесі Т.Әбуов қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды сыртқы әртүрлі жалған ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету және халық санасында еліміздің болашағын зайырлылық қағидаларына негіздеу қажеттілігі турасында қатысушыларға тың ақпарат берумен қатар, оларға үлкен серпін берді. Сондай-ақ, дінтанушы Тұрар Түгелұлы кездесулер барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасынада кеңінен түсіндіре кетті.   

Елбасының жарлығымен бекітілген Тұжырымдама ішкі және сыртқы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталып, экстремистік сипаттағы дін атын жамылған ағымдардың бүлікшіл әрекеттеріне тосқауыл қоюды мақсат етеді. Діни алауыздық – мемлекеттің зайырлы қағидаттарын жоққа шығарып, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіруде. Тұжырымдамада мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және т.б өзекті мәселелер қарастырылған — деп атап өтті. 

Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамада 2018 жылы халықтың  89 пайызы, ал 2020 жылы халықтың  91 пайызы мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдайды деген межелі көрсеткішке жетуді мақсат қойып отырғандығын айта кетейік. 

Рекомендуем также

Казахстан

Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева

29.10.2026
Казахстан

Правительство примет все меры для системного решения поставленных Президентом задач — Олжас Бектенов

29.10.2026
Казахстан

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

28.10.2026
Казахстан

Политолог Газиз Абишев разъяснил тезисы Президентского Послания о социальной справедливости

28.10.2026
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.