Алматы облысы Сарқан ауданында облыстық мәслихатқа үміткер Қожасбаев Руслан өңірдің спортшыларымен кездесті. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда осы партияға дауыс беруге үгіттеді.
«Біздің балалар еркін күрес, шаңғы спорты және спорттың ойын түрлері бойынша жүзден жүйрік. Жерлестеріміздің есімдері тек облыстық және республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңімпаздардың қатарында! Жақында сарқандықтар болашақ футбол және бокс чемпиондарын дайындауды шындап қолға алды. Паралимпиадалық спорт түрлері белсенді дамуда. Бұл істің берекелі болып, жеңісті күндердің көп болатынына кәміл сенемін!», – деді Қожасбаев Руслан.
Ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен спортшылары саладағы қазіргі өзекті мәселелерді әңгімелеп берді.
«Жаттығу залдары мен секциялармен танысып, жаттықтырушылар штабы және жас спортшылармен әңгімелестім. Мектепте 13 секция бар, олардың әрқайсысында облыс және Қазақстан чемпиондары бар. Тек осы жылдың өзінде төрт тәрбиеленуші спорт шебері атанды, бірнеше жас бала джиу-джитсу және еркін күрестен ел чемпионы атанды. Спорт мектебінің басшылығы жаттықтырушылар құрамын сақтап қалуға, жастардың дамуы мен одан әрі ілгерілеуі үшін барлық жағдайды жасауға ұмтылатыны қуантады. Мен проблемалар мен ұсыныстар туралы сұрағанымда, олардың заманауи футбол алаңын армандайтындарын айтты. Міндетті түрде бұл мәселені көтеріп, бақылауға алатын боламыз», – деді үміткер.
Мұндай кездесулер өңірде жалғасын таппақ.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.