Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың 11 субъектісі бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізілді, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жоғарыда аталған тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес сыртқы ауаның нақты температурасына сүйене отырып, тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясының құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өткен жылыту кезеңінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға сыртқы ауаның неғұрлым жоғары нақты температурасының нәтижесінде 2019-2020 жылғы жылыту кезеңі үшін 11 субъектісі бойынша жалпы сомасы
22 562 883,65 теңгеге (ҚҚС-мен), оның ішінде табиғи монополияның базалық субъектісі бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-ы бойынша
19 258 736,24 теңге (ҚҚС-мен) жылу энергиясы үшін төлем қайта есептеу жүргізілді.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген қайта есептеуге сәйкес тұрмыстық тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару жүзеге асырылды:











