Тоқаев Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Toppress.kz.
Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы, — деді ол.










